2013 жылдағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 наурыздағы № 19 шешімі

            Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С.Сидорскийдің Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының 2013 жылдағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, 2014 жылы Қазақстан Республикасының 2013 жылдағы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығына көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы хабарлама жөніндегі міндеттемелерді орындамағанын растай отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қазақстан Республикасы 2013 жылдағы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығына көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы хабарлама жіберу қажеттілігі туралы хабардар етілсін.

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясына және Еуразиялық экономикалық комиссияға 2013 жылдағы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығына көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы хабарлама жіберуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады