Армения Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 28 шешімі

            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа №3 қосымшаның 49-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Армения Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В.Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі
№28 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Армения Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу ТӘРТІБІ

      І. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа №3 қосымшаның 49-тармағының бірінші абзацында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенттері


      Кеден одағының:

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен қабылданған "Теміржол жылжымалы составының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 001/2011), "Жылдамдығы жоғары теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы (КО ТР 002/2011), "Теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 003/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 шешімімен қабылданған "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған "Орауыш қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен қабылданған "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 006/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен қабылданған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен қабылданған "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 099/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 824 шешімімен қабылданған "Лифттердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 011/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 825 шешімімен қабылданған "Жарылысқа қауіпті орталарда жұмысқа арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен қабылданған "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" (КО ТР 013/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 874 шешімімен қабылданған "Астық қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 015/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 875 шешімімен қабылданған "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы "(КО ТР 016/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен қабылданған "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 017/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен қабылданған "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 879 шешімімен қабылданған "Техникалық құралдардың электрлік магниттік үйлесімділігі" (КО ТР 020/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған "Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен қабылданған "Таңбалауға қатысты бөлігінде тағам өнімі" (КО ТР 022/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 882 шешімімен қабылданған "Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне техникалық регламент" (КО ТР 023/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 883 шешімімен қабылданған "Май-тоң май өніміне техникалық регламент" (КО ТР 024/2011);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 33 шешімімен қабылданған "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 026/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 34 шешімімен қабылданған "Мамандандырылған тағам өнімінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен қабылданған "Жарылғыш заттар мен солардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 028/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 58 шешімімен қабылданған "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" (КО ТР 029/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 59 шешімімен қабылданған "Жағармай материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" (КО ТР 030/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданған "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 032/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен қабылданған "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) техникалық регламенттері үшін мынадай қолдану тәртібі белгіленсін:

      Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы 2016 жылғы 2 қаңтарға дейінгі құжаттар қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2018 жылғы 2 қаңтардан кешіктірмей жарамды.

      2016 жылғы 2 қаңтардан бастап өнімнің бұрын Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      2018 жылғы 2 қаңтардан бастап осы бөлімнің жиырма тоғызыншы абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Армения Республикасының сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2017 жылғы 2 қаңтарға дейін сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбалаусыз, Армения Республикасының аумағында 2016 жылғы 2 қаңтарға дейін Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      осы бөлімнің жиырма тоғызыншы абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің отыз үшінші абзацында көрсетілген өнімнің айналысына Армения Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) ішінде жол беріледі;

      "Теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 003/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтеріне (бұдан әрі осы бөлімде – теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтері) қатысты берілген немесе қабылданған Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы 2016 жылғы 2 қаңтарға дейінгі құжаттар қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2018 жылғы 2 қаңтардан кешіктірмей жарамды.

      Теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтері Армения Республикасының ұлттық белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2016 жылғы 2 қаңтардан бастап өнімнің бұрын Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беру немесе қабылдауға жол берілмейді;

      теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 2 қаңтарға дейін темір жол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтерін пайдалануға енгізуге жол беріледі.


      ІІ. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа №3 қосымшаның үшінші - бесінші абзацтарында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенттері


      Кеден одағының:

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 32 шешімімен қабылданған "Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 025/2012);

      Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012) техникалық регламенттері үшін мынадай қолдану тәртібі белгіленсін:

      Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы 2017 жылғы 2 қаңтарға дейінгі құжаттар қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2019 жылғы 2 қаңтардан кешіктірмей жарамды.

      2017 жылғы 2 қаңтардан бастап өнімнің бұрын Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      2019 жылғы 2 қаңтарға дейін осы бөлімнің бесінші абзацында көрсетілген өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Армения Республикасының сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2018 жылғы 2 қаңтарға дейін сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбалаусыз, Армения Республикасының аумағында 2017 жылғы 2 қаңтарға дейін Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      осы бөлімнің бесінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің тоғызыншы абзацында көрсетілген өнімнің айналысына Армения Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) ішінде жол беріледі.


      ІІІ. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа №3 қосымшаның 48-тармағының жетінші абзацында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенті


      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен қабылданған "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" (КО ТР 014/2011) Кеден одағының техникалық регламенті үшін мынадай қолдану тәртібі белгіленсін:

      техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы 2019 жылғы 2 қаңтарға дейінгі құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2021 жылғы 2 қаңтардан кешіктірмей жарамды.

      2019 жылғы 2 қаңтардан бастап өнімнің бұрын Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      2021 жылғы 2 қаңтарға дейін осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Армения Республикасының сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2020 жылғы 2 қаңтарға дейін сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбалаусыз, Армения Республикасының аумағында 2019 жылғы 2 қаңтарға дейін Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің алтыншы абзацында көрсетілген өнімнің айналысына Армения Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімінің (пайдалану мерзімінің) ішінде жол беріледі.


      ІV. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа №3 қосымшаның 48-тармағының тоғызыншы абзацында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенті


      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламенті (бұдан әрі осы бөлімде – техникалық регламент) үшін мынадай қолдану тәртібі белгіленсін:

      техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы 2010 жылғы 2 қаңтарға дейінгі құжаттар қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2022 жылғы 2 қаңтардан кешіктірмей жарамды.

      2022 жылғы 2 қаңтардан бастап өнімнің бұрын Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      2022 жылғы 2 қаңтарға дейін осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Армения Республикасының сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің айналысына Армения Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) ішінде жол беріледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады