Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тарифтік емес реттеу мен консультациялар өткізудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімнің жобасын дайындау туралы хабарлау тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 35 шешімі


            Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 7-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының Регламенті 150-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тарифтік емес реттеу мен консультациялар өткізудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімнің жобасын дайындау туралы хабарлау тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 35 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тарифтік емес реттеудің
бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың
күшін жою туралы шешімнің жобасын дайындау туралы
хабарлау және консультациялар өткізу ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 7-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламенті (бұдан әрі – Регламент) 150-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және:

      Еуразиялық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) тарифтік емес реттеу мен консультациялар өткізудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы Комиссия шешімінің қабылдануымен экономикалық мүдделері (бұдан әрі – тиісінше мүдделі тұлғалар, шешім, шаралар) қозғалуы мүмкін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – тиісінше мүше мемлекеттер, Одақ) сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға шешімнің жобасы бойынша ескертулер (бұдан әрі – ескертулер) және (немесе) консультациялар өткізу туралы ұсыныстар (бұдан әрі – консультациялар туралы ұсыныстар) беру мүмкіндігі туралы хабарлау тәртібін;

      консультациялар өткізу тәсілі мен нысанын, сондай-ақ консультациялар өткізу мен олардың нәтижелері туралы ақпаратты өз ескертулерін және (немесе) консультациялар туралы ұсыныстарын берген мүдделі тұлғаларға жеткізу тәсілі мен нысанын айқындайды.

      2. Комиссия Хаттаманың 6-тармағында көзделген мүдделі тұлғаларға "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтына (бұдан әрі – Одақтың ресми сайты) шешімнің жобасын дайындау туралы хабарламаны орналастыру жолымен хабарлауды қамтамасыз етеді. Мұндай хабарламаны орналастыруды Комиссияның кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелері құзыретін жататын департаменті (бұдан әрі – жауапты департамент) қамтамасыз етеді.

            3. Шешімнің жобасын дайындау туралы хабарламамен бірге Одақтың ресми сайтында мынадай мәліметтер мен құжаттардың орналастыру да қамтамасыз етіледі:

      а) шаралар туралы ұсыныстардың бастамашысы (мүше мемлекет немесе Комиссия);

      б) жобаның шешімі;

      в) шараларды енгізу, қолдану, ұзарту немесе оның күшін жою қажеттілігі негізделген түсіндірме жазба;

      г) мүдделі тұлғалардың ескертулерді және консультациялар туралы ұсыныстарды Комиссияға беру мерзімі;

      д) жауапты департамент қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);

      е) регламенттің 149 және 154-тармақтарында көзделген ақпараттық-талдау анықтамасы.

      4. Мүдделі тұлғалардың ескертулер беруі жауапты департамент белгілеген мерзімде орыс тілінде Одақтың ресми сайты пайдаланыла отырып немесе электрондық почта арқылы (мүдделі тұлғаның таңдауы бойынша) е жүзеге асырылады.

      Комиссияға ескертулер берудің жауапты департамент белгілейтін мерзімі Одақтың ресми сайтында шешімнің жобасын дайындау туралы хабарлама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аз болмайды.

      5. Ескертулер берген кезде мүдделі тұлғалар мынадай мәліметтерді көрсетуге міндетті.

      а) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлғаның мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, байланыс деректері (жауапты қызметкердің тегі, аты әкесінің аты (бар болса), телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы);

      б) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін – тегі, аты әкесінің аты (бар болса), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      в) мүдделі тұлғалардың Комиссия шешімінің қабылдануымен қозғалуы мүмкін экономикалық мүдделері туралы ақпарат.

      6. Мүдделі тұлғалардың ескертулерін жинауды, талдауды және есепке алуды жауапты департамент жүзеге асырады.

      Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтер болмаған жағдайда, ескертулер есепке алынбайды.

      7. Мүдделі тұлғалардың ескертулер беруі үшін белгіленген мерзм аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты департамент қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескертулер жиынтығын (бұдан әрі - жиынтық) жасайды.

      Егер шаралар туралы ұсыныстардың бастамашысы Комиссия болып табылған жағдайда, жауапты департамент осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзімде жиынтықты Одақтың ресми сайтына орналастырады.

      Егер шаралар туралы ұсыныстардың бастамашысы мүше мемлекет (бұдан әрі - бастамашы) болып табылған жағдайда, жауапты депатамент жиынтықты электрондық почта арқылы бастамашыға жібереді. Бұл ретте, "Бастамашының позициясы" бағаны толтырылмайды.

      Ескертулер болмаған жағдайда, жауапты департамент тиісті ақпаратты электрондық пошта арқылы бастамашының назарына жеткізеді және ол Одақтың ресми сайтына орналастырылады.

      8. Бастамашы жиынтықты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жиынтықтың "Бастамашының позициясы" бағанын (орыс тілінде) толтырады, онда оның есепке алынуын немесе бас тартылғанын (бас тартуды дәлелдеп негіздей отырып) көрсету арқылы әрбір ескерту бойынша мәлметтер келтіріледі және толтырылған жиынтықты электрондық пошта арқылы Комиссияға жібереді.

      9. Бастамашы толтырған жиынтық алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жауапты департамент оның Одақтың ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Жиынтық Одақтың ресми сайтында орналастырылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғалар консультациялар туралы ұсыныстарды (орыс тілінде) электрондық пошта арқылы Комиссияға жібереді.

      10. Егер мүдделі тұлғалар Комиссияға консультациялар туралы ұсыныстарды берген жағдайда, жауапты департамент консультациялар өткізгенге дейін күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық пошта арқылы консультациялар өткізу күні мен уақыты туралы ақпаратты:

      а) ескертулерді және (немесе) консультациялар туралы ұсыныстарды мүдделі тұлғаларға;

      б) Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына жібереді.

      11. Консультациялар бетпе-бет форматта немесе бейнеконференция форматында өткізілуі мүмкін.

      12. Хаттаманың 8-тармағына сәйкес Комиссия мынадай жағдайлардың кез келгені болған кезде консультацияларды өткізбеуі мүмкін:

      а) шешімнің жобасында көзделген шаралар туралы талап күшіне енгенге дейін ол белгілі болмауға тиіс, осыған орай консультациялар өткізу осындай шешімде көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеледі немесе әкеп соғуы мүмкін;

      б) консультациялар өткізу Комиссияның шешім қабылдауын тежеуі мүмкін, бұл мүше мемлекеттердің мүдделеріне айтарлықтай нүқсат келтіруге әкеп соғуы мүмкін;

      в) шешімнің жобасында ерекше құқық беру көзделеді.

      13. Осы Тәртіптің 12-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың болуын мүше мемлекеттер, оның ішінде Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің кедендік-тарифтік, терифтік реттеу жөніндегі кіші комитеті шеңберінде айқындалады.

      Осы Тәртіптік 12-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген жағдайлардың болуын жауапты департамент айқындайды.

      Мұндай жағдайлардың болуы туралы ақпарат Комиссия Алқасының отырысына құжаттар мен материалдар жиынтығының құрамында ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.

      Консультациялар өткізбеу туралы шешім қабылданған жағдайда осы Тәртіпке сәйкес шешімнің жобасын дайындау туралы мүдделі тұлғаларға хабарлау жүзеге асырылмайды.

      14. Егер бұрын Комиссия қабылдаған шешімдерге кәсіпкерлік қызмет жағдайларына әсер етпейтін заңдық-техникалық және (немесе) редакциялық сиапттағы өзгерістер енгізу көзделген жағдайда, жауапты департамент осы Тәртіптің 2 және 3-тармақтарына сәйкес Одақтың ресми сайтына өзгерістер енгізу туралы шешімнің тиісті жобасын орналастыру арқылы мүдделі тұлғаларға хабарлауды жүзеге асырады.

      15. Жауапты департамент консультациялар өткізілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Одақтың ресми сайтына консультациялар хаттамасын және (немесе) қаралып отырған мәселе бойынша шешімдер қабылдау үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдарды орналастырады.

      16. Берілген ескертулерді талдау нәтижелері бойынша бастамашы шаралар туралы ұсыныстарды кері қайтарып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жағдайда жауапты департамент Одақтың ресми сайтына тиісті ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді.

  Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің сыртқы
сауда қызметіне қатысушыларға
тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын
енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың
күшін жою туралы шешімнің жобасын
дайындау туралы хабарлау және
консультациялар өткізу тәртібіне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның тарифтік емес
реттеу шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың
күшін жою туралы шешімінің жобасы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы
экономикалық қызметіне қатысушылар ескертулерінің ЖИЫНТЫҒЫ


Жобаның шешімі бойынша ескертулер берген мүдделі тұлғалар туралы мәліметтер

Ескертулердің мазмұны

Берілген ескерту бойынша бастамашының позициясы*

1

2

3










      ___________

      * 3-бағанда:

      егер ескерту толығымен қабылданса - "қабылданды";

      егер ескерту толық көлемде қабылданбаса (ескерту бөлігінде бас тартуды негіздей отырып) - "ішінара қабылданды";

      егер ескерту қабылданбаса - "бас тартылды" деп көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады