Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 54 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 7-тармағына, 43-тармағының 2) тармақшасына және 48-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитетті құру, Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгеріс енгізу және Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 54 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы
2 желтоқсандағы № 283 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет туралы ереженің 2-тармағында:

      а) екінші абзацтағы "бөлімшелерден" деген сөзден кейін ", сондай-ақ мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) үшінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.

      2. Уәкілетті өкілдері көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитетінің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесінде:

      а) мынадай мазмұндағы жаңа І бөліммен толықтырылсын:

      "І. Армения Республикасынан

      1. Армения Республикасының Қаржы министрлігі.

      2. Армения Республикасының Экономика министрлігі.

      3. Армения Республикасының Көлік және байланыс министрлігі.

      4. Армения Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

      5. Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ өнімдері қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі.

      6. Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік қызметі.";

      б) І бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ. Беларусь Республикасынан";

      в) ІІ бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІІ. Қазақстан Республикасынан

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі.";

      г) ІІІ бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ. Ресей Федерациясынан";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі.".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады