Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 66 шешімі

            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылуына байланысты және Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) 8 және 25-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулық және Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулық туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

            2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ 66 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Аталған Шешіммен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулықта:

      а) 6-тармақта:

      1-тармақшаның үшінші абзацы "Қазақстан Республикасы – KZ," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы – KG," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақшада:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы үшін – сәйкестендіру салық нөмірі (ССН);";

      б) 8-тармақта:

      2-тармақшаның төртінші абзацы "Қазақстан Республикасы – KZ," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы – KG," деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Аталған Шешіммен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулықтың 6-тармағында:

      а) 2-тармақшаның үшінші абзацы "Қазақстан Республикасы – KZ," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы – KG," деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 6-тармақшада:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасы үшін – сәйкестендіру салық нөмірі (ССН);".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады