Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызумен, бөлумен, аударумен және қайтарумен байланысты ақпарат алмасу туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 3-тармағы "Астана қаласының уақыты," деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы үшін – Бішкек қаласының уақыты," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін Қырғыз Республикасы қолдана бастаған айдан кейінгі екінші айдың 1-ші күнінен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң ғана күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |