2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8-ескертуінің үшінші абзацында (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) "Батыс-Калинин мұнай кен орны" деген сөздер "Карташовское мұнай кен орны, Пьеховское мұнай кен орны, "Ново-Казанское мұнай кен орны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |