Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 90 шешімі

      2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуінің және оларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасаудың тәртібі туралы келісімнің 7-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 311 шешімімен бекітілген Жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларына және кедендік бақылауда болмайтын осындай тауарларды тану фактісін көрсетуге қатысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 15-тармақта:

      тиісті септіктегі "авто,- мото көлік құралдары" деген сөздер тиісті септіктегі "көлік құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      соңғы сөйлем алып тасталсын;

      б) 17-тармақтың екінші бөлігінде "халықаралық шарттармен және Одақ құқығын құрайтын актілермен ең көп белгіленген шектегі уақытша әкелу мерзімі" деген сөздер "Кодекстің 358-бабының 2-тармағында және Келісімге 3-қосымшаның 23-тармағында көзделген, ең көп мерзім шегінде кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 18-тармақтың үшінші бөлігінің күші жойылды деп танылсын;

      г) мынадай мазмұндағы 181 тармақпен толықтырылсын:

      "181. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өтіп кетуі бойынша жеке пайдалануға арналған көлік құралын уақытша әкелу мерзімін ұзарту үшін декларант кеден органына жүгінген жағдайда кеден органы мұндай көлік құралын уақытша әкелу мерзімін осы Нұсқаулықтың 17-тармағында айқындалған тәртіпте белгіленген мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Кодекстің 358-бабының 2-тармағында және Келісімге 3-қосымшаның 23-тармағында көзделген ең көп мерзім шегінде ұзартады не осы Нұсқаулықтың 18-тармағында айқындалған жағдайлар мен тәртіпте уақытша әкелу мерзімін ұзартудан бас тартады.";

      д) 19-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралын жеке тұлға кедендік аумақтан кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі аяқталуы бойынша, бірақ Кодекстің 358-бабының 2-тармағында және Келісімге 3-қосымшаның 23-тармағында көзделген ең көп мерзім шегінде әкеткен жағдайда, осындай көлік құралын шығару туралы кеден органының шешімі бір мезгілде оны уақытша әкелу мерзімін белгіленген мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен бастап көлік құралын әкету күніне дейін ұзарту туралы шешім болып табылады. Бұл ретте осы Нұсқаулықтың 17, 18 және 181 тармақтарының ережелері қолданылмайды.".

      2. Осы Шешім күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі аяқталуы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, бірақ Кеден одағы Кеден кодексінің 358-бабының 2-тармағында және 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуінің және оларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасаудың тәртібі туралы келісімге 3-қосымшаның 23-тармағында көзделген ең көп мерзім шегінде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының осындай көлік құралдарын шығару туралы шешімі, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты, бір мезгілде оларды уақытша әкелу мерзімін уақытша әкелудің белгіленген мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап әкету күніне дейін ұзарту туралы шешім деп есептелсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады