Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша мөлшерлегіш сорғыны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 93 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қозғалысының ең көп жылдамдығы 50 км/с аспайтын, жұмыс сұйықтығын басқарылатын дөңгелектің гидроцилиндрлер жолағына рөлдік дөңгелектің бұрылысына барабар беруді қамтамасыз ететін, көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың (соның ішінде жол-құрылыс машиналарының, комбайндар мен жүк тиегіштердің) гидравликалық рөлдік басқару жүйелерінде пайдалануға арналған мөлшерлегіш сорғы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасында 8481 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады