Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 103 шешімі

      2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуінің және оларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасаудың тәртібі туралы келісімнің 7-бабының 7-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-бабының 15-тармақшасын басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
1 қыркүйектегі № 103 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 311 шешімімен бекітілген Жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуіне және кедендік бақылауда болмайтын осындай тауарларды тану фактісін көрсетуге қатысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы нұсқаулықта:

      а) 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бөліктермен ауыстырылсын:

      "Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "трансфер әуежайы" - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету орны немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орны болып табылатын халықаралық әуежай;

      "трансферлік багаж" - халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы жөнелту әуежайында жеке тұлға өзімен бірге алып жүретін (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге) багажда тіркелген және авиатасымалдаушы трансфер әуежайында аралық қону жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлердегі әуежайға дейін (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына) әуе тасымалына қабылдаған жеке пайдалануға арналған тауарлар.

      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Кеден одағының Кеден кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), Келісімде айқындалған мәндерінде ұғынылады, ал осы Нұсқаулықта пайдаланылатын азаматтық заңнаманың және басқа да заңнама салаларының ұғымдары әрбір Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекетте осы мемлекеттер заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәндерінде қолданылады.";

      б) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Техникалық құралдарды пайдалана отырып, трансферлік багажға қатысты кедендік тексеру нысанындағы кедендік бақылау авиатасымалдаушының немесе трансфер әуежайындағы қызметті жүзеге асыратын ол уәкілдік берген адамның (бұдан әрі –уәкілдік берілген адам) көрсетуі бойынша жеке тұлғаның қатысуынсыз мынадай жағдайда:

      1) авиатасымалдаушы немесе жеке тұлғаның уәкілетті адамы багажды трансферлік ретінде тіркеудің мүмкіндігі туралы,олардың шарттары, шектеулері және жауаптылығы багаж трансферлік ретінде тіркелгеннен кейін туындайтын, онда кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқ болуы жағдайын хабарлағанда жүргізілуі мүмкін.

      Жеке тұлғаларды хабардар ету соның ішінде тиісті ақпаратты авиатасымалдаушының немесе уәкілетті тұлғаның ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарында, әуежайда және әуе кемелерінде таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, жөнелту әуежайындағы ақпараттық аймақтарда және жолаушылар мен олардың багаждарын тіркеу орындарында жабдықталған стенділерде, жайма тақталарда, таблоларда және басқа ақпараттық материалдар жеткізгіштерде орналастыру немесе осындай ақпаратты жолаушының әуе тасымалы шартына қосу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін;

      2) авиатасымалдаушы трансферлік багажды сәйкестендіруді және нөмірлік багаж биркасын пайдалана отырып, осындай багаждың жеке тұлғаға тиесілілігін белгілеуді қамтамасыз еткенде;

      3) авиатасымалдаушы әуе кемесі трансфер әуежайына келгенге дейін кеден органына жеке тұлғалар мен олардың трансферлік багажы туралы мынадай мәліметтерді:

      рейс орындалатын күнді және рейс нөмірін;

      орындардың жалпы санын және әуе кемесіне орналастырылатын трансферлік багаждың жалпы салмағын;

      әрбір жеке тұлғаның орындар санын және трансферлік багажының жалпы салмағын;

      габаритті емес, салмағы ауыр немесе тасымалдаудың ерекше шарттарын (бар болған кезде) талап ететіндей болып табылатын трансферлік багаж туралы мәліметті;

      трансферлік багаждың әрбір орнының нөмірлік багаждық биркасының нөмірін;

      жеке тұлғаның тегін, атын,әкесінің атын (бар болған кезде);

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін;

      бастапқы жөнелту пункті мен ақырғы межелі пунктін қоса алғанда, жолаушының әуе тасымалы шартына сәйкес жеке тұлғаның әуе тасымалының толық маршрутын;

      өзге жеке тұлғаларды алып жүретін немесе топ құрамында кетіп бара жатқан (бар болған кезде) жеке тұлғалар туралы мәліметті;

      жолаушының әуе тасымалы шартының бұзылуына орай (осындай ақпарат бар болған кезде) авиатасымалдаушы трансферлік багажын жеке тұлғамен бір мезгілде трансфер әуежайына жеткізбеген жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) орталық кеден органы айқындайтын техникалық талаптарға сәйкес электрондық түрде ұсынғанда;

      4) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 688 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік-фитосанитариялық және көліктік бақылауды ұйымдастыру үшін қажет жабдыққа және ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын бірыңғай типтік талаптардың VI бөлімінде көзделген талаптарға трансфер әуежайы сәйкес келгенде жүргізілуі мүмкін.";

      в) мынадай мазмұндағы 221 – 225-тармақтармен толықтырылсын:

      "221. Авиатасымалдаушы трансферлік багаж ретінде әуеде тасымалдауға қабылдаған тауарларды жеке тұлға трансфер әуежайында кедендік декларациялау туралы шешім қабылдаған кезде, авиатасымалдаушы немесе уәкілетті тұлға осындай багажды тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасау орнына жеткізуді қамтамасыз етеді.

      222. Егер осы Нұсқаулықтың 22-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеру кезінде және (немесе) кеден органы кедендік қарап тексеру кезінде трансферлік багажда кедендік декларациялауға жататын тауарлардың болу мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаса, кеден органының уәкілетті лауазымды адамы авиатасымалдаушының немесе уәкілетті тұлғаның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, осындай трансферлік багажды өткізетін жеке тұлғаны іздестіру, кедендік бақылауды одан әрі жүргізу кезінде осы жеке тұлғаның болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік бақылау аяқталғанға дейін оның әуе кемесінің бортына бару мүмкіндігін болдырмау қажеттігі туралы дереу хабарлайды. Тауарларды осындай кедендік бақылау жеке тұлға кедендік бақылаудан өткеннен кейін оның қатысуымен жүзеге асырылады.

      223. Егер авиатасымалдаушы трансферлік багажды жолаушының әуе тасымалы шартының бұзылуына орай трансфер әуежайына жеке тұлғамен бірге бір мезгілде жеткізбеген және кеден органы кедендік қарап тексеру кезінде трансферлік багажда кедендік декларациялауға жататын тауарлардың болу мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кеден органының уәкілетті лауазымды адамы жеке тұлғаның қатысуынсыз кедендік тексеріп қарау жүргізеді.

      224. Егер авиатасымалдаушы трансферлік багажды жолаушының әуе тасымалы шартының бұзылуына орай трансфер әуежайына жеке тұлғамен бірге бір мезгілде жеткізбеген және осы жеке тұлғаның өтініші бойынша кедендік аумаққа келу орны болып табылатын өзге халықаралық әуежайға жеткізген жағдайда, осы трансферлік багажға қатысты кедендік операциялар көрсетілген халықаралық әуежайда авиатасымалдаушы көрсетілген халықаралық әуежайда орналасқан кеден органына жеке тұлға және оның трансферлік багажы туралы мынадай мәліметтерді:

      1) орындардың жалпы санын және трансферлік багаждың жалпы салмағын;

      2) трансферлік багаждың әрбір орнының нөмірлік багаждық биркасының нөмірін;

      3) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде);

      4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін;

      5) бастапқы жөнелту пункті мен ақырғы межелі пунктін қоса алғанда, жолаушының әуе тасымалы шартына сәйкес жеке тұлғаның әуе тасымалының толық маршрутын орталық кеден органы айқындайтын техникалық талаптарға сәйкес электрондық түрде ұсынған жағдайда жасалады.

      225. Трансфер әуежайы туралы ақпаратты орталық кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссияға осындай әуежайлардың жалпы тізбесін қалыптастыру және оны Одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында орналастыру үшін жібереді.

      Осы Нұсқаулықтың 21-тармағының ережелері трансферлік багажға қатысты қолданылмайды.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік-фитосанитариялық және көліктік бақылауды ұйымдастыру үшін қажет жабдыққа және ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыруға, Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттері сыныптамасына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункті паспортының нысанына қойылатын бірыңғай типтік талаптар туралы" 2011 жылғы 22 маусымдағы № 688 шешімінде:

      а) "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы" деген сөздер атауында және мәтін бойынша "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақта "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) көрсетілген шешіммен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік-фитосанитариялық және көліктік бақылауды ұйымдастыру үшін қажет жабдыққа және ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын бірыңғай типтік талаптарда:

      Атауындағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бірыңғай типтік талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің (бұдан әрі тиісінше – өткізу пункттері, Одақ) жаңадан салынатындарын жайластыру әрі материалдық-техникалық жарақтандыру және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) құзыретті органдарының пайдалануы мен есепке алуына арналған.";

      Мәтін бойынша "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деген сөздермен, тиісті септіктегі "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы" деген сөдер "Одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(бұдан әрі – Кеден одағының сыртқы шекарасы)" деген сөздер алып тасталсын;

      "Бірыңғай Типтік" деген сөздер "осы Бірыңғай типтік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өткізу пунктінің интеграцияланған ақпараттық жүйесі өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің атқарушы билігінің жұмыс істеуі мен өзара іс-қимылын, сондай-ақ өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      34-тармақтың екінші абзацында "Кеден одағының нышаны" деген сөздер "Одақ нышаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43-тармақтың үшінші абзацында "Кеден одағының аумағына" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен, "Кеден одағының аумағынан" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы VI бөліммен толықтырылсын:

"VI. Трансферлік багажға қатысты кедендік бақылау жасау үшін әуе өткізу пунктінің жабдығына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар


      45. Әуе өткізу пунктінде осы Бірыңғай типтік талаптардың 3-тармағында көрсетілген жүйелерден және осы Бірыңғай типтік талаптардың 25-тармағында көрсетілген үй-жайлардан басқа:

      а) мынадай жүйелер (соның ішінде жолаушылар тасқынының қарқынына байланысты, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізу талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай қолданылатын автоматтандырылған жүйелер):

      мыналарды:

      техникалық құралдарды қолдана отырып кедендік қарап тексеру нысанындағы радиациялық бақылау мен кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін;

      кедендік декларациялауға жатпайтын, жеке тұлға алып жүретін багажымен бірге өткізетін, Одақтың кедендік аумағында (Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде) жөнелту әуежайында тіркелген және техникалық құралдарды қолдана отырып кедендік қарап тексеру нысанындағы кедендік бақылау жүргізу кезінде Одақтың кедендік аумағынан кету орны немесе Одақтың кедендік аумағына келу орны (бұдан әрі – трансферлік багаж) болып табылатын, авиатасымалдаушы халықаралық әуежайда аралық қонумен бірге, Одақтың кедендік аумағынан тыс жерге баратын әуежайға дейін (Одақтың кедендік аумағында) әуе тасымалына қабылдаған, жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіруді;

      кедендік қарап тексеру кезінде кеден органы онда кедендік декларациялауға жататын тауарлардың болу мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған, кедендік тексеріп қарау үшін осындай багажды үй-жайға жеткізген және трансферлік багажды өңдеу жүйесіне қайта жеткізген кезде трансферлік багажды бөлу мүмкіндігін;

      кедендік бақылау жүргізу фактісін техникалық құралдарды қолдана отырып тіркеу қажет кезде мүмкін болатын кедендік бақылау жүргізу үшін трансферлік багаждың оны ұсынбай-ақ орнын ауыстыруын болдырмауды қамтамасыз ететін багаж өңдеу жүйесі;

      трансферлік багажды іздестіру, сәйкестендіру және кедендік бақылау жүргізу орнына жеткізу жүйесі;

      трансферлік багаж тиесілі жеке тұлғаны іздестіру жүйесі;

      б) мынадай жабдықтармен:

      рентген-телевизия қондырғысымен;

      нөмірленген багаждық биркадан ақпарат оқуға мүмкіндік беретін жабдықпен;

      заңды тұлғалар мен олардың трансферлік багажы туралы мәлімет, багажды өңдеу жүйесіне нақты жеткізілген трансферлік багаж туралы мәлімет қамтылған ақпараттық жүйелерге қол жетімділікті қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылған кедендік тексеріп қарау жүргізуге арналған үй-жайлар көзделеді.";

      г) көрсетілген шешіммен бекітілген, Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттері сыныптамасында:

      атауындағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацта "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сілтемедегі "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен, "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) көрсетілген шешіммен бекітілген Өткізу пункті паспортында:

      бекіту грифі мен атауы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2011 жылғы 22 маусымдағы
№ 688 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 103 шешімі редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы Өткізу пункті паспортының
НЫСАНЫ


      Өткізу пункті паспорты

      ___________________________

      (өткізу пунктінің атауы)";


      1.8 позицияда "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2.20 позициямен толықтырылсын:

      "2.20 кедендік декларациялауға жатпайтын, жеке тұлға алып жүретін багажымен бірге өткізетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде) жөнелту әуежайында тіркелген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету орны немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орны болып табылатын халықаралық әуежайда авиатасымалдаушы аралық қонумен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жердегі (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына) әуежайға дейін әуе тасымалына қабылдаған, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті жүйелер".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады