Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет құрамына уәкілетті өкілдері кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 130 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет құрамына уәкілетті өкілдері кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ІІІ бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы жаңа IV бөліммен толықтырылсын:

      "IV. Қырғыз Республикасынан

      1. Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

      2. Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі.

      3. Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі.

      4. Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі.

      5. Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі.

      6. Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция.";

      б) IV бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "V. Ресей Федерациясынан".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
А. Слепнев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады