Бұрғылау тереңдігі кемінде 200 м бұрғылау машиналарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 145 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Бұрғылау тереңдігі кемінде 200 м, ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 41 000 1 және 8430 49 000 1 кодтарымен сыныпталатын бұрғылау машиналарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері 2017 жылғы1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 2 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 41 000 1 және 8430 49 000 1 кодтары бар позициялар төртінші бағанда "61С)" деген ескертпеге сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 61С ескертпемен толықтырылсын:

      "61С) Кедендік құнның 2%-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады