Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 96 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 157 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 3-тармағының 2-тармақшасына, 14-тармағына және 43-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесі туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 96 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Армения Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі бір ай мерзім ішінде атқарушы биліктің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесінің өздеріне қатысты бөлігін қалыптастыруға жауапты уәкілетті органдарын белгілесін және бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

      Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдары 2 ай ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесіне енгізу үшін мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 96 шешімімен бекітілген нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға жолдасын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 157 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 96 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы және 1-тармақтағы "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесі нысанында:

      а) атауындағы "Кеден одағының сыртқы шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кестеде:

      "Беларусь Республикасы" бөлімі алдынан мынадай мазмұндағы "Армения Республикасы" бөлімімен толықтырылсын:

Армения Республикасы






Барлығы:

      "Қазақстан Республикасы" бөлімінен кейін мынадай мазмұндағы "Қырғыз Республикасы" бөлімімен толықтырылсын:

Қырғыз Республикасы






Барлығы:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады