Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша биметалды жылыту радиаторларының сыныптамасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 164 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Секциялары жылу беру қызметін атқаратын, сыртқы жағынан алюминий қорытпасымен көмкерілген жұқа қабырғалы болат құбыр түріндегі болат өзекшеден (жылу тасығыш жүретін жол) тұратын, сумен жылыту жүйесінде қолдануға арналған, салмағы жағынан құрамында болаттан гөрі алюминий басым биметалды секциялы радиатор Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7616 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады