Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ресми статистикалық ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың 6-тармағын (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпаратының статистикалық көрсеткіштерінің тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ресми статистикалық ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну форматы бекітілсін.

      2. Ресми статистикалық ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Шешіммен бекітілген форматтарда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің статистикалық жұмыстарының ұлттық бағдарламаларына сай кезеңділікпен және бөлініске сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ұсынылды деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ресми статистикалық ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 224 шешімінің 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады