Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді жасасу мәселелері жөнінде

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 14 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В.Б. Христенкоға мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің жобасын ұсыну тапсырылсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жөніндегі" шешімінің жобасы мақұлдансын.

      3. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жөнінде

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының бірінші абзацын және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В.Б. Христенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақ атынан Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойсын.

      2. Мүше мемлекеттер 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының шеңберінде қол қоюды ескере отырып, Келісімнің жобасы бойынша қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізсін.

      3. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады