Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 71 Шешімі

Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.23) тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.23. 2010 жылғы 27 мамырдағы Ресей Федерациясы мен Финляндия Республикасының арасындағы Саймен каналының ресейлік бөлігі мен оған іргелес жатқан аумақты Финляндия Республикасының жалға алуы туралы және Саймен каналы арқылы кемемен жүзуді жүзеге асыру туралы шартта көзделген жұмыстарды жүзеге асыру және жалға алынатын аумақты пайдалану үшін Финляндия Республикасы жалға алатын Саймен каналының аумағына Финляндия Республикасының резиденттері әкелетін тауарлар мен көлік құралдары.

      Саймен каналы бойынша Ресей Федерациясының Уәкілі функцияларының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі федералдық мемлекеттік мекеме ("Саймен каналы" ФММ) берген және осындай тауарлар мен көлік құралдарының номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер қамтылатын, әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарының нысаналы мақсатын растау Ресей Федерациясының кеден органдарына ұсынылған жағдайда, көрсетілген жеңілдік беріледі.".

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 Шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.22" деген цифрлар "7.1.23" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады