1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Евразиялық экономикалық одақтың өзара қолжетімді ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды, сондай-ақ тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысына қатысты алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және оларды жою жөніндегі баяндамасы назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен біресіп, кедергілерді,алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою (оның ішінде Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуын есепке ала отырып) жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
осы Өкімнің 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын кедергілерді,алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмысқа мониторинг, сондай-ақ кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына ықпалына бағалау жүргізсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесін кедергілерді,алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы жыл сайын хабардар етіп отырсын.
3. Осы Өкім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |