Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенкулатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін қолдануды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенкулатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 2 маусымдағы № 85 шешімімен және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы"2015 жылғы 15 шілдедегі № 44 шешімімен енгізілген өзгерістердің 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар дайындасын;

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген, кедендік әкелу баж мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін. Аталған Тізбеге өзгерістер енгізілгенге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 44 шешіміне № 3 қосымшада көзделген тауарларға қатысты кедендік әкелу баж мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімдер жобаларын дайындау кезінде мұндай шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтынын ескерсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады