Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі арнаулы экономикалық шараларды біржақты қолданған кезде өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 17 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) арнаулы экономикалық шараларды біржақты қолданған жағдай туралы ақпаратты назарға ала отырып:

      Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп:

      а)      мүше мемлекеттердің бірі арнаулы экономикалық шараларды біржақты қолданған кезде, 2015 жылғы 15 қазанға дейін өзара іс-қимыл тетігіне қатысты консультациялар өткізуді ұйымдастырсын;

      б)      консультациялардың нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында баяндасын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады