Моторлы көлік құралдарының жекелеген санаттары айналысын әкімшілендіру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 25 өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін іске асыру мақсатында:

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттерге әзірленуі 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары паспортының (көлік құралы шассиінің паспорты) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімде көзделген көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесін:

      а) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешіміне сәйкес белгіленген "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттарын сақтай отырып, Одаққа мүше мемлекеттер аумағында заңды тұлғалар шығарған;

      б) кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдіктерді қолдана отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелінген автоқұрауыштар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ тораптар мен агрегаттарды пайдалана отырып, заңды тұлғалар шығарған;

      в) еркін кеден аймағы мен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақ тауары деп және кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеусіз кедендік кері импорттау рәсімімен орналастырылған деп танылған шетелдік автоқұрауыштар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ тораптар мен агрегаттарды пайдалана отырып, Одаққа мүше мемлекеттер аумағында құрылған еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында заңды тұлға шығарған, Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8708705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының айналысын әкімшілік ету құралы ретінде пайдалануға ұсыным жасалсын;

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқалары электрондық паспорттарды ресімдеу, олардың құрылымы мен форматы қағидаларын әзірлеу кезінде:

      а) әкімшілік ақпаратқа қатысты электрондық паспорт бөліміне осы өкімнің 1тармағында көрсетілген, шеңберінде моторлы көлік құралдары шығарылған, жеңілдікті режим ("өнеркәсіптік құрастыру" режимі, еркін кеден аймағының кедендік рәсімі, еркін қойма кедендік рәсімі, инвестициялық жоба) туралы және Одақ құқығымен белгіленген жағдайларда мұндай моторлы көлік құралдарының айналысын шектеу туралы мәліметтерді;

      б) электрондық паспорттарды рәсімдеу қағидасына осы Өкімнің 1тармағында көрсетілген моторлы көлік құралдарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу бойынша ақпаратты қосуды көздесін.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады