Химиялық өнім қауіпсіздігі саласында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін қабылдау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 26 өкімі


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы" және "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобалары туралы" 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 26 шешімін, сондай-ақ 2014 жылғы 24 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының қосылуын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 103 шешімімен бекітілген 2012-2013 жылдарға арналған Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының 9 және 10-тармақтарына сәйкес "Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы" және "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері жобаларының жауапты әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі осы Өкім күшіне енген күнінен бастап 2 ай мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) үкіметтерімен және Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасымен бірлесіп "Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы" және "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы" Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары туралы консультациялар өткізсін, осы консультациялардың қорытындылары бойынша көрсетілген техникалық регламенттер жобасының келісілген редакциясын дайындап, оларды Комиссияға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 23 қарашадағы №103 шешімімен бекітілген 2012-2013 жылдарға арналған Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының 3тармағына сәйкес "Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы" Одақтың техникалық регламенті жобасының жауапты әзірлеушісі болып табылатын Ресей Федерациясы осы өкім күшіне енген күнінен бастап 2 ай мерзімде басқа мүше мемлекеттермен және Комиссия Алқасымен бірлесіп "Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы" Одақтың техникалық регламенттерінің жобасы бойынша Қазақстан Республикасының ұсыныстарын (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 9 тамыздағы № 04225/6791 хаты) ескеру мәселесі бойынша консультациялар өткізсін, осы консультациялардың қорытындылары бойынша көрсетілген техникалық регламент жобасының келісілген редакциясын дайындауды және оны Комиссияға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Комиссия Алқасы мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №26 шешімінде көзделген пакеттік қағидаттарды ескере отырып, осы Өкімнің 1 және 2тармақтарына сәйкес пысықталып, Комиссияға ұсынылған "Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы", "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы" Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын, сондай-ақ олардың құжаттар жиынтығын, Комиссия аталған техникалық регламенттер жобалары мен олардың құжаттар жиынтығын алған күнінен бастап бір ай мерзімде, халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілер ережелеріне сәйкес келтірілсін.

      4. Комиссия Алқасы "Химиялық өнім қауіпсіздігі туралы", "Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы" және "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы" Одақтың техникалық регламенттердің пысықталған жобаларын Беларусь Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметіне қайта қарау үшін, сондай-ақ Армения Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметіне мемлекетішілік келісуден өткізу үшін жіберсін.

      5. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев В.Диль И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады