Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу мәселелерін регламенттейтін актілерді бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ көрсетілген Шарттың 99-бабы 3-тармағының үшінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы ереже;

      Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу стандарттары мен әдіснамасы бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржы-шаруашылық қызметіне 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннің алдындағы кезеңге ревизия жүргізуді көрсетілген кезеңде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүшелері болған мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілдері осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы ережеге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу стандарттары мен әдіснамасына сәйкес жүзеге асырады.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

     
      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
     

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 6 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы ереже
I. Жалпы ережелер

      1.  Осы Ереже 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ережеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) бюджетінің атқарылуына қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін әзірленді.

      Одақ органының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау жөніндегі бақылау іс-қимылдарын (бұдан әрі – бақылау іс-қимылдары) Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілдерінен тұратын ревизорлар тобы (бұдан әрі – ревизиялық топ) жүзеге асырады.

      Бақылау іс-қимылдары жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді әрі жоспарлы ревизиялар мен жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Бақылау іс-қимылдарын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде, сондай-ақ олардың нәтижелерін ресімдеген кезде осы Ережені, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу стандарттары мен әдіснамасын басшылыққа алған жөн.

      2.  Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия есепті қаржы жылындағы Одақ бюджетінің атқарылу қорытындылары бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (бұдан әрі – Үкіметаралық кеңес) шешімімен кемінде екі жылда бір рет өткізіледі.

      Одақ органын қаржы-шаруашылық қызметтің жекелеген мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер Одаққа мүше мемлекет үкіметінің төрағасы Үкіметаралық кеңеске тиісті ұсыныс жасаған кезде Одаққа мүше мемлекеттер бірінің бастамасы бойынша жүргізілуі мүмкін.

      3.  Бақылау іс-қимылдарын жүзеге асырған кезде ревизиялық топ:

      Одақ бюджетінің атқарылуы барысында Одақ органдары актілерінің, Одақ органының болу мемлекетінің бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және заңнамасының өзге де актілерінің сақталуын;

      ревизия жүргізілетін кезеңде Одақ органының бюджеттік есебі жүргізілуінің және бюджеттік есептілігі жасалуының анықтығын, толықтығын және нормативтік талаптарға сәйкестігін бақылайды.

      4. Осы Ереже мақсатында Одақ органына ревизия жүргізу деп Одақ органының барлық жасалған қаржылық және шаруашылық операцияларының заңдылығын, олардың бюджеттік есептілікте көрініс табуының анықтығы мен дұрыстығын тексеру бойынша бақылау іс-қимылдарын жүргізуден көрінетін, Одақ органының қызметін кешенді тексеру түсініледі.

      Осы Ереже мақсатында Одақ органын тексеру деп Одақ органының жекелеген қаржы және шаруашылық операцияларының заңдылығын, Одақ органының қызметіне қатысты бюджеттік есептіліктің анықтығын бағалау бойынша бақылау іс-қимылдарын жасау түсініледі (бұдан әрі – Одақ органын тексеру).

      Одақтың бұрын тексерілген органына ревизия жүргізілген сол бір кезең ішінде тағы ревизия жүргізуге жол берілмейді.

      Одақ органына ревизия жүргізу, оны тексеру нәтижелері қаржы- шаруашылық ревизия жүргізу (тексеру) актісімен ресімделеді.

II. Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізудің мақсаты мен міндеттері

      5.  Одақ органына ревизия жүргізудің мақсаты ревизия жүргізілетін кезеңде шаруашылық және қаржы операцияларының заңдылығы, олардың бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікте көрініс табуының анықтығы мен дұрыстығы сақталуын кейіннен бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      6. Одақ органына ревизия жүргізудің негізгі міндеті Одақ органының қаржы және шаруашылық операцияларының заңдылығын мынадай бағыттар бойынша бағалау болып табылады:

      қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырудың Одақ бюджетін атқару барысында Одақ органдарының актілеріне, Одақ органының болу мемлекетінің бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және заңнамасының өзге де актілеріне сәйкестігі;

      Одақ органының бюджеттік жазбаны орындауы(Одақ органының бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануы, ақшалай қаражаттың және тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, еңбекке ақы төлеу бойынша есептесулер және есеп беретін тұлғалармен басқа да есептесулер);

      Одақ органының болу мемлекетінің бюджетімен және Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік (мемлекеттік емес) бюджеттік (бюджеттен тыс) қорларымен есептесулері;

      Одақ органының болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен есептесулері;

      ревизия жүргізілетін кезеңде Одақ органының шаруашылық және қаржы операциялары туралы бюджеттік есептіліктің толықтығы мен анықтығы.

      7. Одақ органын тексерудің негізгі міндеті Одақ органының жекелеген қаржы және шаруашылық операцияларының заңдылығын Үкіметаралық кеңестің өкімімен айқындалатын тексеру тақырыбына сәйкес бағалау болып табылады.

ІІІ. Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізуді ұйымдастыру

      8. Есепті қаржы жылындағы Одақ бюджетінің атқарылуы туралы мәселені қарау кезінде Үкіметаралық кеңес Одақ органына ревизия жүргізу туралы өкім қабылдайды, онда ревизия жүргізілетін кезең, ревизия жүргізу мерзімдері айқындалады және ревизиялық топтың төрағасы мен мүшелері бекітіледі.

      Одаққа мүше мемлекет үкіметі төрағасының ұсынысы бойынша Үкіметаралық кеңес Одақ органына тексеру жүргізу туралы өкім қабылдауы мүмкін, онда тексеру тақырыбы, ревизия жүргізілетін кезең, тексеру жүргізу мерзімдері айқындалады және ревизиялық топтың төрағасы мен мүшелері бекітіледі.

      9. Осы Ереже мақсатында ревизия жүргізілетін кезең деп Одақ бюджетінің атқарылуы туралы есеп Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен бекітілген қаржы жылы (қаржы жылдары) түсініледі.

      10. Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізудің жалпы мерзімі ревизиялық топтың жұмыс көлемі негізге алына отырып айқындалады және, әдетте, 15 жұмыс күнін құрайды, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.

      11. Одақ органының басшысы Үкіметаралық кеңестің өкімі негізінде Одақ органында ревизия (тексеру) жүргізуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады, онда:

      ревизиялық топ мүшелерін қажетті ұйымдастырушылық техникасымен жабдықталған үй-жайларда орналастыруға жауапты адамдар;

      Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізу кезінде Одақ органы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жүктелетін құрылымдық бөлімше айқындалады.

IV. Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізу кезінде ревизиялық топты қалыптастыру

      12. Ревизиялық топтың төрағасы Үкіметаралық кеңестің өкімімен бекітіледі және, әдетте, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 8-бабының 4-тармағына сәйкес Одақ органдарында төрағалық етуші Одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік қаржылық бақылау органының өкілі болып табылады.

      13. Ревизиялық топтың құрамына Одаққа мүше әрбір мемлекеттің мемлекеттік қаржылық бақылау органынан екі адамнан аспайтын өкіл кіреді.

      Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдерін Одақ органына ревизия (тексеру) жүргізу үшін іссапарға жіберуге арналған шығыстар жіберуші тараптар есебінен қаржыландырылады.


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 6 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу стандарттары мен әдіснамасы
I. Жалпы ережелер

      1. Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу стандарттары мен әдіснамасы (бұдан әрі – Стандарттар, Одақ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ережеге сәйкес әзірленді.

      Стандарттар Одақ органының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия (тексеру) ұйымдастыру мен жүргізуге (бұдан әрі – Одақ органына ревизия жүргізу) қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді және Одақ органына ревизия жүргізу кезінде тиімділікті, дәйектілікті, сабақтастықты және объективтілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

      Стандарттар Одақ органына қатысты бақылау іс-қимылдарын жүргізу кезінде ревизиялық топ мүшелерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.

      2. Стандарттар:

      бақылау іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін;

      бақылау іс-қимылдарын жүргізу нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды.

ІІ. Одақ органына ревизия ұйымдастыру және жүргізу

      3. Ревизиялық топтың төрағасы ревизиялық топтың мүшелері ревизия барысында бақылау іс-қимылдарын жүргізетін мәселелер тізбесі кіретін Одақ органына ревизия жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Ревизия бағдарламасы) бекітеді. Ревизиялық топтың төрағасы мен мүшелері Ревизия бағдарламасы мәселелерін бірлесіп өзара бөліседі.

      4. Ревизиялық топтың төрағасы мен мүшелері Одақ органынан бақылау іс-қимылдарын жүргізу үшін қажетті Ревизия бағдарламасы мәселелері бойынша құжаттарды сұратуға және алуға құқылы. Бұдан басқа, ревизиялық топтың төрағасы Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан Ревизия бағдарламасы шеңберінде ревизиялық топтың функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті мәліметтерді сұрата алады.

      5. Ревизиялық топтың төрағасы Одақ органының басшысын Ревизия бағдарламасымен таныстыруға тиіс.

      6. Одақ органына ревизия жүргізу мақсатына қол жеткізу және ревизиялық топ мүшелерінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін ревизиялық топтың төрағасы Еуразиялық экономикалық органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы ереженің, осы Стандарттардың, Ревизия бағдарламасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде ревизиялық топ мүшелерінің жұмысын және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады.

      Одақ органына ревизия жүргізу барысында лауазымына, біліктілігі мен тәжірибесіне қарамастан, ревизиялық топтың әрбір мүшесінің ол Одақ органына ревизия жүргізудің әрбір кезеңінде орындайтын жұмысы, сондай-ақ оның нәтижелері бақылануға жатады.

      7. Ревизиялық топ мүшелерінің жұмысын бақылау барысында ревизиялық топтың төрағасы:

      ревизиялық топтың мүшелері Ревизия бағдарламасын бірыңғай нақты түсінетіндіктеріне;

      Ревизия бағдарламасы толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындалып жатқандығына;

      жұмыс құжаттамасы Одақ органына ревизия жүргізу нәтижелері бойынша тұжырымдарды растайтын дәлелдемелерді қамтитынына көз жеткізуі тиіс.

III. Одақ органына ревизия жүргізу нәтижелерін ресімдеу

      8. Ревизия бағдарламасының барлық мәселелері бойынша Одақ органына ревизия жүргізу нәтижелері құжатталуға жатады.

      9. Ревизиялық топтың мүшелері бақылау іс-қимылдарын жүзеге асырады және ревизиялық топтың төрағасына № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, Одақ органына Ревизия бағдарламасының тиісті мәселесі бойынша бақылау іс-қимылдарының аяқталғаны туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады. 

      10.  Анықтама кіріспе, сипаттамалық және қорытынды бөліктерді қамтиды.

      Анықтаманың кіріспе бөлігі:

      Одақ органының атауы мен ревизия жүргізілетін кезеңді;

      анықтама жасалатын орын мен күнді қамтиды, бұл ретте Ревизия бағдарламасы мәселесі бойынша ревизияны жүзеге асыратын ревизиялық топ мүшелері Анықтамаға қол қойған күн оның жасалған күні болып табылады;

      Ревизия бағдарламасы мәселесін (мәселелерін);

      Ревизия бағдарламасы мәселесі (мәселелері) бойынша ревизия жүргізу мерзімін қамтиды.

      Анықтаманың сипаттамалық бөлігі Ревизия бағдарламасында көрсетілген мәселелер бойынша ақпаратты, соның ішінде зерделенген және (немесе) тексерілген құжаттар (операциялар) туралы ақпаратты қамтиды, сондай-ақ анықтамалық (талдамалық) кестелер мен өзге де материалдарды қамтуы мүмкін. Анықтамада Одақ органына ревизия жүргізу барысында анықталған, Ревизия бағдарламасының нақты мәселесі бойынша бұзушылықтардың бар екендігі (фактілердің сипаттамасы) немесе бұзушылықтардың жоқ екендігі де көрсетіледі.

      Анықтаманың қорытынды бөлігі ревизиялық топ мүшесінің Ревизия бағдарламасы мәселелері бойынша бақылау іс-қимылдарының нәтижелері туралы тұжырымдарынан тұрады.

      11. Анықтамаға бюджеттік реттеу саласындағы Одақ актілерінің тізбесі, Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызмет саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыруы мәселелері бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының хаттары және Ревизия бағдарламасы мәселелері бойынша өзге де құжаттар қоса беріледі.

      12. Анықтаманы Ревизия бағдарламасы мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асырған ревизиялық топ топтың мүшесі (мүшелері) жасайды және оған қол қояды.

      13. Одақ органына ревизия жүргізу нәтижелері № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, Одақ органының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу актісімен (бұдан әрі – Ревизия актісі) ресімделеді.

      14. Ревизия актісін Ревизия бағдарламасының мәселелері бойынша ревизиялық топ мүшелерінің Анықтамалары негізінде ревизиялық топтың төрағасы жасайды.

      Ревизия актісі бақылау іс-қимылдары аяқталғанға дейін жасалуға тиіс.

      15. Ревизия актісі кіріспе және сипаттамалық бөліктерді қамтиды.

      Ревизия актісінің кіріспе бөлігі:

      Одақ органының атауын, ревизия жүргізілетін кезең мен ревизия жүргізу мерзімдерін;

      Ревизия актісінің жасалған орны мен күнін қамтуға тиіс, бұл ретте Ревизия актісіне ревизиялық топтың төрағасы қол қойған күн оның жасалған күні болып табылады;

      Одақ органына ревизия жүргізу негізін (Үкіметаралық кеңестің өкімін);

      ревизияны жүзеге асырған ревизиялық топ төрағасының, ревизиялық топ мүшелерінің тегін, аты-жөнін, лауазымдарын;

      ревизия жүргізудің әдістері, нысандары мен тәсілдері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      Ревизиялық топ төрағасының қалауы бойынша Ревизия актісінің кіріспе бөлігіне Одақ органының ревизиясына қатысты өзге де ақпарат енгізілуі мүмкін.

      Ревизия актісінің сипаттамалық бөлігі Ревизия бағдарламасының әрбір мәселесі бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      Ревизия актісінде Одақ органына ревизия жүргізу барысында анықталған, Ревизия бағдарламасының әрбір мәселесі бойынша бұзушылықтардың бар екендігі (фактілердің сипаттамасы) немесе бұзушылықтардың жоқ екендігі де көрсетіледі.

      16. Ревизия актісін жасау кезінде объективтілік, негіздемелік, баяндау жүйелігі мен ықшамдығы (мазмұнына залал келтірілмей) қамтамасыз етілуге тиіс.

      17. Ревизия актісінің мәтіні:

      дәлелдемелермен расталмаған мәліметтер мен ақпаратты;

      Одақ органы уәкілетті адамдарының іс-қимылын моральдық-әдеп тұрғысынан бағалауды қамтымауға тиіс.

      18. Ревизия актісі екі данада жасалады, олардың әрқайсысына ревизиялық топтың төрағасы мен ревизиялық топтың мүшелері қол қояды. Ревизиялық топ төрағасының қойған қолы Ревизия актісі осы Стандарт талаптарына сәйкес дайындалғандығын және Ревизия бағдарламасына сәйкес келетіндігін растайды.

      19. Ревизия актісі қос данада ұсыну күні мен уақыты туралы белгі қойылып, ревизия аяқталғанға дейін кемінде үш күн бұрын Одақ органының басшысына танысу үшін ұсынылады.

      Ревизия актісі ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Одақ органының басшысы (өзге уәкілетті адам) Актінің қос данасына қол қояды, бас бухгалтер Актінің қос данасына қол қояды және әр бетіне виза қояды, Ревизия актісінің бір данасы ревизиялық топтың төрағасына беріледі.

      Ревизия актісі бойынша қарсылықтар болған кезде Одақ органының басшысы (өзге уәкілетті адам) танысқаны туралы өз қолының алдында бұл туралы белгі қояды және Ревизия актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықтардың негіздемелігін растайтын ақпаратты қамтитын құжаттар мен өзге де материалдарды қоса бере отырып, жазбаша қарсылықтар ұсынады. Аталған қарсылықтар олардың ұсынылған күні мен уақыты туралы белгі қойылып, ревизиялық топтың төрағасына қолын қойғызып беріледі және Ревизия актісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      20. Ревизия актісін қол қойылғаннан кейін Одақ органы кейіннен оны Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қарауға енгізу үшін Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жібереді.

      21. Одақ органына ревизия жүргізу нәтижелерін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қарау кезінде:

      а) Одақ органына ревизия жүргізу барысында бұзушылықтар анықталмаған кезде – ақпаратты назарға алу туралы;

      б) Одақ органына ревизия жүргізу барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы өкім қабылданады. Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітіледі.

      22. Одақ органының басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей, егер осы өкіммен өзге мерзім белгіленбесе, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасын Одақ органына ревизия жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы туралы хабардар етеді.

 

  Еуразиялық экономикалық одақ
органдарының қаржы-шаруашылық
қызметіне ревизия жүргізу стандарттары
мен әдіснамасына
№ 1 ҚОСЫМША
  (нысан)
Ревизиялық топтың
төрағасына

Бақылау іс-қимылдарының аяқталғаны туралы АНЫҚТАМА

      ____________________________ ________________
(жасалған орны) (жасалған күні)


      Ревизия бағдарламасы негізінде

      __________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақ органының атауы)

      ______________ бастап ________________аралығы кезеңінде
(күні) (күні)
__________________________________________________________________
(ревизия бағдарламасының мәселесі көрсетіледі)
бақылау іс-қимылдары жүргізілді.

      Анықтаманың сипаттамалық бөлігі:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________
Анықтаманың қорытынды бөлігі:
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________
Одақ органы тұрған жер бойынша бақылау іс-қимылдары _________________аяқталды.
(күні)

Ревизиялық топ мүшесі (мүшелері)
_______________________ __________ _____________ ________________
(лауазымы) (күні) (қолы) (аты-жөні, тегі)
_______________________ __________ _____________ ________________
(лауазымы) (күні) (қолы) (аты-жөні, тегі)

 
Еуразиялық экономикалық одақ
органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне
ревизия жүргізу стандарттары
мен әдіснамасына
№ 2 ҚОСЫМША
(нысан)

Қаржы-шаруашылық қызметке ревизия жүргізу АКТІСІ

      __________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақ органының атауы)
____________________________ _________________
(жасалған орны) (жасалған күні)

      Ревизия Еуразиялық үкіметаралық кеңестің ______________ж. №_____ өкімі
негізінде жүргізілді.
Ревизия жүргізілген кезең: __________________________________________.
Ревизиянымына құрамдағы ревизиялық топ жүргізді:
__________________________________________________________________
(лауазымдары, тегі, аты-жөні)

      Ревизия жүргізу мерзімі __________бастап ______________ аралығында ____ жұмыс
күнін құрады.
Еуразиялық экономикалық одақтың органы туралы жалпы мәліметтер*:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_______________________________________
Осы ревизиямен анықталды:__________________________________________
__________________________________________________________________
(жүргізілген жұмыстың сипаттамасы және солардың негізінде бұзушылықтар туралы
__________________________________________________________________
тұжырымдар жасалған құжаттарды көрсете отырып, ревизия бағдарламасының әрбір
________________________________________________________________________
мәселесі бойынша бұзушылықтардың бар екендігі немесе жоқ екендігі туралы ақпарат,
________________________________________________________________________
сондай-ақ ревизия жүргізу барысында анықталған өзге де фактілер)

      Ревизия нәтижелері туралы жинақталған ақпарат:
__________________________________________________________________
(ревизия нәтижелері туралы жинақталған ақпарат)
Қосымша:
__________________________________________________________________
(Ревизия актісіне қоса тіркелетін құжаттар, материалдар)

     
Ревизиялық топтың төрағасы
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
Ревизиялық топтың мүшелері:
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)

Одақ органының басшысы
(уәкілетті адам)
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)

Одақ органының бас бухгалтері
___________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)     


      ____________
* Еуразиялық экономикалық одақтың органы туралы:
салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру (бірегей) нөмірін;
депозиттік шоттарды қоса алғанда, кредиттік ұйымдардағы барлық шоттардың тізбесі
мен деректемелерін;
тексерілетін кезеңде ақша және есептесу құжаттарына қол қою құқығы болған
адамдардың лауазымы мен тегін, аты-жөнін;
Еуразиялық экономикалық одақтың тексерілген органын толық сипаттау үшін қажетті
өзге де деректерді қамтитын мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады