Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік транзиттеу кезінде бірыңғай транзиттік жүйені және бірыңғай кепілдікті тетіктерді жетілдіру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 13 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік транзит кезінде бірыңғай транзиттік жүйені және бірыңғай кепілдікті тетіктерді жетілдіру жөніндегі жұмыс барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты назарға алына отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқасының мүшесі (Министрі) В.А. Гошиннің жетекшілігімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары мен бизнес-қоғастастық өкілдерінен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінен кедендік транзит кезінде бірыңғай транзиттік жүйені және бірыңғай кепілдікті тетіктерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырсын және оның құрамын бекітсін.

      2. Жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында кедендік транзит кезінде бірыңғай транзиттік жүйені және бірыңғай кепілдікті тетіктерді (бұдан әрі - кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі) қолдану мәселелерін регламенттейтін келісім жобасын әзірлеуді қамтамасыз етіп, онда мыналарды ескерсін:

      а) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға негізделуге тиіс;

      б) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін қолдану кедендік транзитке қатысатын тұлғалар (тасымалдаушылар, декларанттар, импорттаушылар, кепілгерлер және т.б.) үшін шығындардың ұлғаюына әкеп соқпауға тиіс;

      в) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін жетілдіру ұлтүсті органдарды құруды көздемеуге тиіс;

      г) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі бәсекеге қабілетті болуға тиіс;

      д) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін ескеруге тиіс және кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің барлық тәсілдерін қолдану үшін кедергі жасамауға тиіс;

      е) кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі оның үшінші мемлекеттердің кедендік транзит жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін көздеуге тиіс.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады