Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 ақпандағы № VIII-37-170 бірлескен шешімі және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 71 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 ақпанда № 6211-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйтерек ауылының шекарасы (шегі) 1736,5962 гектарға өзгертіліп, Бәйтерек ауылының жаңа шекарасының алаңы 2267,0 гектар болып қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімі мен Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәслелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімі және Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Байедилов
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

  Бірлескен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 ақпандағы № VIII-37-170 шешімі мен Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2025 жылғы 13 ақпандағы № 71 қаулысына қосымша

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының шекарасына енгізілетін жерлердің экспликациясы

Аудандар мен қалалардың атауы

Жалпы жер ауданы (гектар)

 оның ішінде:

елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық округтердің)
жерлері
(гектар)

ауыл шаруашы-лығы мақсатындағы жерлер (гектар)

өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер (гектар)

рекше қорғалатын табиғи
аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер
(гектар)

орман қоры-ның жерлері
(гектар)

су қоры-ның жерлері
(гектар)

босалқы жерлер
(гектар)

Барлығы

2267,0

530,4038

1736,5962

-

-

-

-

-

Схемалық карта

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады