Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін үндестіруге бағытталған шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 14 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін үндестіруге бағытталған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын тыңдай келе, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген келісімдерді әзірлеу кезінде Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының экономикалық даму ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етсін.

      3. Мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген келісімдердің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісіммен бір мезгілде қабылдануын және күшіне енуін қамтамасыз етсін.

      4. Мүше мемлекеттердің үкіметтері осы өкімнің 1 және 3-тармақтарында көрсетілген Келісімдер жобаларын келісу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде оны 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтау қажеттігін негізге алсын.

      5. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады