2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына "қуат" термині анықтамасына қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпелерін 85-топқа мынадай мазмұндағы 5-ескертпемен толықтыру бөлігінде:
"5. 8501 тауар позициясындағы "қуат" термині" номиналды шығу қуатын білдіреді" деген өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |