Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 9 ұсынымы.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына самырсын жаңғақтарына қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 51 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) 08 тобын Еуразиялық экономикалық одақтың мынадай мазмұндағы қосымша ескертпесімен толықтыру бөлігіндегі өзгерістерді ескере отырып:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпесі:

      1. 0811 90 950 0 кіші қосалқы позициясының тоңазытылған самырсын жаңғақтары минус 35 С-тан төмен температураға дейін суытылған самырсын жаңғақтары болып табылады." деп қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады