Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 6 және 10-тармақшаларына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактикасы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын халықаралық актілермен үйлестіру осы мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы экспорттық әлеуетін дамытуға оң ықпалын тигізеді деп болжай отырып,
Осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:
1. Армения Республикасына құстардың сальмонеллезін бақылау, профилактикасы және оған қарсы күрес жөнінде ұлттық бағдарлама қабылдауға;
2. Ресей Федерациясына құстар сальмонеллезі бойынша құс өсіру шаруашылығының игілігін қамтамасыз ететін ұлттық бағдарлама қабылдауға;
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қосымшаға сәйкес тізбе бойынша құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактикасы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын халықаралық актілермен үндестіруге ұсыным жасайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссии Алқасының 2015 жылғы от 19 мамырдағы № 10 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге құстар сальмонеллезін бақылау, оның профилактиксы мен оған қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары мен ветеринариялық-санитариялық қағидаларын үндестіруге ұсыным жасалатын халықаралық актілердің ТІЗБЕСІ
Халықаралық актінің атауы | Үйлестіру саласы | |||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Ресей Федерациясы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1.Халықаралық эпизоотикалық бюросының Құрлықтағы жануарлар денсаулығы кодексі | құс өсіру шаруашылығын орналастыру және конструкциясы құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап) | құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап) | құс өсіру шаруашылығын орналастыру және конструкциясы (6,4,7-бап) құс өсіру шаруашылығының жұмыс істеуі (6.4.5-баптың 1-тармағы "а") тармақшасы және 2-тармағы "а") тармақшасы) ауру профилактикасы (6.4.7-бап) | ауру профилактикасы (6.4.7-бап) |
2. Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2003 жылғы 17 қарашадағы сальмонелді және басқа тағамдық зоожұқтырушы агенттер жөніндегі № 2160/2003 Регламенті (ЕО) № 2160/2003 | ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1 - 1.4, 1.6, 1.9, 1.10, 2.1 -2.3, 2.5 - 2.7-тармақтары) | ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1, 1.2, 1.10, 2.1 - 2.3-тармақтары) | ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.1, 1.2, 1.6, 1.10, 2.1-23, 2.5-2.7-тармақтары) | ұлттық бақылау бағдарламаларының құрылымы (ІІ қосымшаның 1.2 - 1.4, 1.9, 1.10, 2.1, 2.2, 2.5 және 2.7-тармақтары) |
3. Жұмыртқалар мен жұмыртқа өнімдері гигиениялық кодексі (CAC/RCP 15-1976) | жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап) | жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) | жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап) | жұмыртқа өндіру кезіндегі гигиена (3.3-тармақ) бактерияға қарсы препараттарды қолдану тәртібі (2-бап) вакцина қолдану шарттары (3-бап) |
5. Gallus gallus асыл тұқымды табындағы сальмонелдің белгілі бір серотипінің таралуын төмендету бойынша негізгі мақсаттарға қатысты | асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша) | асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша) | асыл тұқымды аналық табындардағы сальмонелді табу мен бақылауға арналған тестілеу схемасы (қосымша) |