Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 15 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

      Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) өзгерістерді ескере отырып қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 8 шілдедегі
№15 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсініктемелердің VI томына енгізілетін өзгерістер

      1. 40 топта:

      а) ЕЭО СЭҚ ТН "4011 20 100 1 және 4011 20 100 9" деген сөздер ЕЭО СЭҚ ТН "4011 20 100 0" кодымен өзгертілсін;

      ә) ЕЭО СЭҚ ТН "4011 20 900 1 және 4011 20 900 9" кіші қосалқы позициясына түсініктеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "4011 20 900 0 121-ден астам жүктеме индексі бар

      4011 20 100 0 кіші қосалқы позицияға түсініктемені қараңыз.".

      2. 69-топтағы ЕЭО СЭҚ ТН "6907 90 200 1 және 6907 90 200 9" деген сөздер ЕЭО СЭҚ ТН "6907 90 200 0" кодымен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады