2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына және 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасында еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 15.6-бабының 1-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының Келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы ақпаратын назарға ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Келісім күшіне енген күнінен бастап ол Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті болып танылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Вьетнам Социалистік Республикасының атына Келісімнің 15.6-бабының 1-тармағында көзделген хабарламаны жіберсін;
Вьетнам Социалистік Республикасынан Келісімнің 15.6-бабының 1-тармағында көрсетілген хабарламаны алу туралы растау алынғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне Келісімнің күшіне енетін күні туралы хабарласын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |