2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп Үндістан Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Респуликасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |