2015 жылғы 29 мамырдағы, бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты мәселелер туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 1 Өкімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Өкім күшіне енді 01.06.2016 - Еуразиялық экономикалық одақ сайты

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "2015 жылғы 29 мамырдағы, бiр тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екiншi тараптан Вьетнам Социалистiк Республикасы арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнің күшіне енуі туралы" 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 шешімінің қабылдануын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп:

      2015 жылғы 29 мамырдағы, бiр тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екiншi тараптан Вьетнам Социалистiк Республикасы арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 4.29-бабының ережелерін іске асыру мақсатында сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесін әзірлеу кезінде, сондай-ақ Келісімнің 4.31-бабында көзделген тауарлардың шығарылған жерін көшпелі тексерулерді жүргізу кезінде Вьетнам Социалистік Республикасымен ақпараттық өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдерін қолдануды қамтамасыз етсін;

      Келісімнің 5.7-бабына сәйкес шоғырландырылған электрондық ақпарат алмасуды тұрақты негізде жүзеге асыру мақсатында, оны ұйымдастыру үшін Кеден одағының сыртқы және өзара саудадағы Интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланудың орындылығын ескере отырып, электрондық ақпарат алмасудың талаптарын, құрылымдарын, форматтары мен техникалық шарттарын біріздендіруді қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "2015 жылғы 29 мамырдағы, бiр тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екiншi тараптан Вьетнам Социалистiк Республикасы арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнің күшіне енуі туралы" 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Респуликасынан
 

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады