Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 94-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
а) нысанасы өнеркәсіптік субсидиялар ұсыну және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері болып табылатын дауды қарау шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ Соты құратын мамандандырылған топтың сарапшысына нақты дау бойынша қорытынды әзірлегені үшін 250 мың Ресей рублі мөлшерінде сыйақы (бұдан әрі – тиісінше сарапшы, сыйақы) төленеді;
б) негізгі жұмысына (қызметіне) байланысты мұндай сыйақы төлене алмайтын тұлға болып табылмайтын сарапшыға сыйақы төленеді;
в) сарапшыға сыйақы төлеу және тұрақты тұратын жерінен Минск қаласына (Беларусь Республикасы) келуі мен кері қайтуы үшін жол жүру құжаттарын сатып алуына байланысты, сондай-ақ қорытынды дайындауға қажетті құжаттармен танысу, сот отырыстарына қатысу кезеңінде Минск қаласында тұрғын үй-жай жалдау шығындары Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Аталған шығыстарды Еуразиялық экономикалық одақ Соты қабылдаған сот актісі (мәлімделген талаптар толық немесе ішінара қанағаттандырылған кезде) пайдасына шешілмеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (бұдан әрі – мүше мемлекет) өтейді, ал іс бойынша сот ісін жүргізу тоқтатылған кезде, егер дау тараптарының бейбіт келісімінде өзгеше айқындалмаған болса, өтініш беруші болып табылатын мүше мемлекет өтейді.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ Сотымен және мүше мемлекеттермен бірлесіп сарапшылар көрсететін қызметтерге ақы төлеу, соның ішінде тиісті қаражаттарды жоспарлау мен өтеу жөніндегі ережелер көзделетін ақы төлеу тәртібінің жобасын әзірлесін және оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында қарауға ұсынсын.
3.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |