Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 52-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 12 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 11 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібі І. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 50-тармағының бірінші абзацында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенттері

      Кеден одағының техникалық регламенттері үшін қолданудың мынадай тәртібі белгіленсін:

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен қабылданған "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 002/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 шешімімен қабылданған "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 009/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен қабылданған "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" (КО ТР 014/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 874 шешімімен қабылданған "Астықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 015/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 875 шешімімен қабылданған "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен қабылданған "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 879 шешімімен қабылданған "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" (КО ТР 020/2011);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 33 шешімімен қабылданған "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 026/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 59 шешімімен қабылданған "Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" (КО ТР 030/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданған "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 032/2013):

      Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты 2016 жылғы 12 ақпанға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ кеш дегенде 2018 жылғы 12 ақпанға дейін қолданылады.

      2016 жылғы 12 ақпаннан бастап өнімнің Қырғыз Республикасының заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      осы бөлімнің он төртінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға 2018 жылғы 12 ақпанға дейін жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2016 жылғы 12 ақпанға дейін Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпаған, көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді 2017 жылғы 12 ақпанға дейін Қырғыз Республикасының аумағында сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбаламай өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде осы бөлімнің он төртінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің он сегізінші абзацында көрсетілген өнімнің айналысына жол беріледі.

ІІ. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 50-тармағының үшінші – бесінші абзацтарында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенттері

      Кеден одағының техникалық регламенттері үшін қолданудың мынадай тәртібі белгіленсін:

      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 825 шешімімен қабылданған "Жарылыс қауіпті орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 012/2011);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы тракторларының және оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012):

      Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты 2016 жылғы 12 тамызға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ кеш дегенде 2018 жылғы 12 тамызға дейін қолданылады;

      2016 жылғы 12 тамыздан бастап өнімнің Қырғыз Республикасының заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      осы бөлімнің бесінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға 2018 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2016 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпаған, көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді 2017 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының аумағында сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбаламай өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде осы бөлімнің бесінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің тоғызыншы абзацында көрсетілген өнімнің айналысына жол беріледі.

ІІІ. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 50-тармағының жетінші – жиырма төртінші абзацтарында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенттері

      Кеден одағының техникалық регламенттері үшін қолданудың мынадай тәртібі белгіленсін:

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен қабылданған "Теміржол жылжымалы составының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 001/2011), "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 003/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен қабылданған "Пиротехникалық заттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 006/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен қабылданған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен қабылданған "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 824 шешімімен қабылданған "Лифтілердің қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен қабылданған "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 017/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен қабылданған "Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде" (КО ТР 022/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 882 шешімімен қабылданған "Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011);

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 883 шешімімен қабылданған "Май-тоңмай өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 32 шешімімен қабылданған "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 025/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 34 шешімімен қабылданған "Арнаулы тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (027/2012 КО ТР);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен қабылданған "Жарылғыш заттардың және олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 028/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 57 шешімімен қабылданған "Жарылғыш заттардың және олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 028/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 58 шешімімен қабылданған "Тағамдық қоспалардың, ароматизаторлардың және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен қабылданған "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013):

      Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты 2017 жылғы 12 тамызға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ кеш дегенде 2019 жылғы 12 тамызға дейін қолданылады;

      2017 жылғы 12 тамыздан бастап өнімнің Қырғыз Республикасының заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      осы бөлімнің он тоғызыншы абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға 2019 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2017 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпаған, көрсетілген техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді 2018 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының аумағында сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбаламай өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде осы бөлімнің он тоғызыншы абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің жиырма үшінші абзацында көрсетілген өнімнің айналысына жол беріледі;

      "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 003/2011) Кеден одағы техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтеріне (бұдан әрі осы бөлімде – теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтері) қатысты 2017 жылғы 12 тамызға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ кеш дегенде 2019 жылғы 12 тамызға дейін қолданылады.

      Теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтері Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2017 жылғы 12 тамыздан бастап теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің Қырғыз Республикасының заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілері мен элементтерін пайдалануға беруге 2019 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі.

ІV. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 50-тармағының жиырма алтыншы абзацында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенті

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Автомобиль бензиніне және авиациялық бензинге, дизель мен кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" (КО ТР 013/2011) техникалық регламенті (бұдан әрі осы бөлімде – техникалық регламент) үшін қолданудың мынадай тәртібі белгіленсін:

      техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты 2019 жылғы 12 тамызға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ кеш дегенде 2021 жылғы 12 тамызға дейін қолданылады;

      2019 жылғы 12 тамыздан бастап өнімнің Қырғыз Республикасының заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға 2021 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Қырғыз Республикасының ұлттық сәйкестік белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2019 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпаған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді 2020 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының аумағында сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбаламай өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде осы бөлімнің екінші абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы бөлімнің алтыншы абзацында көрсетілген өнімнің айналысына жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады