Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шыбықтарға қатысты демпинге қарсы баж енгізу арқылы демпинге қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 28 шешімі.

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпинге қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, Украинадан шығарылатын, ЕАЭО СЭҚ ТН 7213 10 000 0, 7213 91 100 0, 7213 91 410 0, 7213 91 490 0, 7213 91 700 0, 7213 91 900 0, 7213 99 100 0, 7213 99 900 0, 7214 20 000 0, 7214 99 100 0, 7214 99 390 0, 7214 99 790 0, 7227 20 000 0, 7227 90 100 0, 7227 90 950 0, 7228 20 910 0, 7228 20 990 0, 7228 30 690 0, 7228 30 890 0 және 7228 60 800 0 кодтарымен сыныпталатын, бүкіл ұзына бойы дөңгелек нысанындағы тұтас көлденең қимасы бірдей, оралған немесе белгіленген ұзындықпен кесілген, прокаттау процесінде алынған ойықтары, томпайған, қырылған тұстары немесе басқа да деформациялары болуы мүмкін, одан әрі өңделетін немесе онсыз (автоматтық, тез кесетін, құралдық, подшипниктік және коррозияға төзімді болаттан жасалған, соғылған немесе суықтай деформациядан кейінгі шыбықтарды, іші қуыс шыбықтарды немесе бұрғылау жұмыстарына арналған қуыс шыбықтарды қоспағанда) ыстықтай илектелген болат шыбықтарға қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпинге қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын, демпинге қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл деп белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа алып, осы Шешімде көзделген демпинге қарсы баждың алынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 28 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпинге қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпинге қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнынан пайыз)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 28 шешімінің 1-тармағында көрсетілген ыстықтай илектелген болат шыбықтар

"Енакиевский металлургический завод" жария акционерлік қоғамы (Украина, Донецк облысы, Енакиево қ., Металлургтер даңғылы, 9),
"Енакиевский металлургический завод" жария акционерлік қоғамының Макеевка филиалы (Украина, Донецк облысы, Макеевка қ.,
Металлургическая көшесі, 47)
 
"АрселорМиттал Кривой Рог" жария акционерлік қоғамы (Украина, Днепропетровск облысы, Кривой Рог қ.,
Орджоникидзе көшесі, 1)
 
өзгелері

10,11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9,32
 
 
 
 
 
 
 
 
10,11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады