Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған кедендік декларация беру Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 30 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кедендік декларация беру Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Тракторлар мен тіркемелер: |
|
| |
|
|
| |
|
|
| |
2. Тракторлардың немесе тіркемелердің компоненттері: |
|
| |
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
| |||
2) жарықты шағылыстыратын тетіктер | 8708 29 900 | сәйкестік сертификаты | |
3) артқы көрініс айнасы | 7009 10 000 | сәйкестік сертификаты | |
4) дыбыспен сигнал беру құрылғысы |
8512 30 100 | сәйкестік сертификаты | |
5) шынылар |
3926 90 970 9 | сәйкестік сертификаты | |
6) қауіпсіздік белдіктері | 8708 21 900 | сәйкестік сертификаты | |
7) жылдамдықты шектеу құрылғылары |
8409 91 000 8 | сәйкестік сертификаты | |
8) спидометрлер | 9029 20 310 |
сәйкестік сертификаты | |
9) механикалық сүйреу-тіркеу құрылғылары |
8708 29 900 | сәйкестік сертификаты | |
10) шиналар |
4011 70 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
11) қозғалтқыштар |
8407 31 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
12) орындықтар |
9401 20 000 | сәйкестік сертификаты | |
13) кабиналар | 8707 90 900 9 | сәйкестік сертификаты |