2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмыс регламентінің № 2 қосымшасының 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3.2.2-тармақшадағы "Шешімдер" деген сөз "шешімдер" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 3.2.3 және 3.2.4-тармақшалармен толықтырылсын:
"3.2.3. Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін "Toyota" (коммерциялық атауы "Fortuner") көлік құралына қатысты Техникалық регламент күшіне енген күніне дейін берілген немесе қабылданған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестілікті бағалау (растау) туралы құжаттар қоса алғанда 2017 жылғы 28 наурызға дейін жарамды;
3.2.4. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарылған көлік құралдарының саны осы Шешімнің 3.2.3-тармақшасына сәйкес 1900 данадан аспауы тиіс;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |