Өздеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат ету тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.20-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 74 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 4 және 37-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Өздеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат ету тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.20-бөліміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінің № 2 қосымшасы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 2.5-тармақшада "1950 жылға дейін жасалған көлік құралдары (автомобильдерден басқа)" деген сөздер "1951 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған көлік құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2.6-тармақша алып тасталсын;

      в) 6-тармақта "100 және одан көп жыл бұрын жасалған фалеристика заттары: ордендер, медальдар, белгілер, жетондар және т.б. (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік наградаларын қоспағанда)" деген сөздер "50 жыл бұрын жасалған фалеристика заттары (марапатталушының өзі алып шығатын, тағып жүруге орден кітапшасы немесе марапаттау куәлігі бар жеке наградаларды қоспағанда), сондай-ақ естелік және марапаттау белгілері, үстелүсті медальдар және мөрлер, белгілер, жетондар және т.б." деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 10-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады