2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімнің 2-тарауына (бұдан әрі – Келісім) және Келісімнің № 1 қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Келісімге сәйкес 2016 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квотаның көлемі (бұдан әрі тиісінше – ұзын дәнді күріш, тарифтік квота) белгіленсін.
2. Былай белгіленсін:
тарифтік квота ішкі қолдану үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады;
ұзын дәнді күріш Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізіледі.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квотаның көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күрішті әкелуге лицензиялар беруді жүзеге асыруға тапсырма берсін.
4. Осы Шешім Келісім күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 76 шешіміне ҚОСЫМША |
Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімге сәйкес 2016 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тарифтік квота көлемі (тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Респуликасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық толығымен жарылған буланған ұзын дәнді күріш | 1006 30 670 1 | 0,0 | 1 026 | 0,0 | 0,0 | 8 974 |
Ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық толығымен жарылған өзге де ұзын дәнді күріш | 1006 30 980 1 |