Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімімен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 79 шешіміне ҚОСЫМША |
Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 53-графаны толтыру қағидаларында 14-тармағында:
бірінші абзац (кестеден кейін) "тауарларды жеткізу орны уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайлары, ашық алаңдары және өзге де аумақтары болып табылатын жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер тауарларды жеткізу орны уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайлары, ашық алаңдары және өзге де аумақтары болып табылатын жағдайда белгіленген кеден органының коды мен атауына қосымша "/" бөлгіш белгісі арқылы уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында орналасқан және тауарларды жеткізу орны болып табылатын кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі көрсетіледі, ал егер Одақтың мүше мемлекетінде тіркеу нөмірлерін беріп кедендік бақылау аймақтарын есепке алу жүргізілмеген жағдайда – уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нөмірі және уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды жеткізу орны болып табылатын үй-жайларының, ашық алаңдарының және өзге де аумақтарының пошталық мекенжайы (пошта индексін көрсетпей) көрсетіледі.".
2. "D" графасын толтыру қағидаларында 16-тармақта бесінші абзацта (кестеден кейін):
"бөлгіш" сөзі "бөлгіш белгісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Егер тауарларды жеткізу орны уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайлары, ашық алаңдары және өзге де аумақтары болып табылатын жағдайда белгіленген кеден органының коды, атауы және орналасқан жеріне қосымша "/" бөлгіш белгісі арқылы уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында орналасқан және тауарларды жеткізу орны болып табылатын кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі көрсетіледі, ал егер Одақтың мүше мемлекетінде тіркеу нөмірлерін беріп кедендік бақылау аймақтарын есепке алу жүргізілмеген жағдайда – уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нөмірі және уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды жеткізу орны болып табылатын үй-жайларының, ашық алаңдарының және өзге де аумақтарының пошталық мекенжайы (пошта индексін көрсетпей) көрсетіледі.".