Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 95 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 30 тамыздағы
№ 95 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша):

      а) 1.1 кіші бөлімінде:

      ВС кодындағы позицияда "*" сілтеме белгісі "1" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы позициямен толықтрылсын:

"1.1 кіші бөлімде аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ТИ";

      б) 2.2 кіші бөлімде:

      екінші графадағы МЮ, МВ және КТ кодындағы позициялар "2" сілтеме белгісімен толықтырылсын;

      2.2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2.2.3. 2.2 кіші бөлімінде аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ПИ2";

      в) 3.2 кіші бөлімінің 3.2.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3.2.3. 3.2 кіші бөлімінде аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ПИ3";

      г) 4.2 кіші бөлімінде:

      екінші графадағы МЮ, МВ, КТ, МУ және МО кодындағы позициялар "4" сілтемесімен толықтырылсын;

      4.2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4.2.3. 4.2 кіші бөлімінде аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ПИ4";

      д) 5.2 кіші бөлімнің 5.2.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5.2.2. 5.2 кіші бөлімінің 5.2.1-тармағында аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ПИ5";

      е) 6.2 кіші бөлімінің 6.2.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"6.2.2. 6.2 кіші бөлімінің 6.2.1-тармағында аталмаған кеден баждарын төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер

ПИ6";

      ж) сілтемелерде:

      "*" сілтеме белгісі "1" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2 – 6 сілтемелермен толықтырылсын:

      "2 Әкелінетін (әкелінген) тауарларды кедендік декларациялау кезінде Белераусь Республикасының 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарымен белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданған жағдайда көрсетіледі.

      3 Әкелінетін (әкелінген) тауарларды кедендік декларациялау кезінде Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарымен белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданған жағдайда көрсетіледі.

      4 Әкелінетін (әкелінген) тауарларды кедендік декларациялау кезінде Ресей Федерациясының 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарымен белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданған жағдайда көрсетіледі.

      5 Әкелінетін (әкелінген) тауарларды кедендік декларациялау кезінде Армения Республикасының 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарымен белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданған жағдайда көрсетіледі.

      6 Әкелінетін (әкелінген) тауарларды кедендік декларациялау кезінде Қырғыз Республикасының 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарымен белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданған жағдайда көрсетіледі.".

      2. Кедендік деларациялау кезінде пайдаланылатын құжат түрлері мен мәліметтер сыныптауышының 1-бөлімінде (8-қосымша):

      а) 01191 кодындағы позицияда "01192 кодындағы позицияда көрсетілген құжатты қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      б) 01192 кодындағы позиция алып тасталсын.

      3. Валюталар сыныптауышында (23-қосымша):

      а) 191 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"191

HRK

Куна";

      б) 454 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"454

MWK

Малавий квачі";

      в) 604 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"604

PEN

Соль";

      г) 946 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"946


RON

Румын лейі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады