Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша ұңғымалық корпустық кумулятивтік перфораторлар мен кумулятивтік зарядтарды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 96 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кумулятивтік зарядтарсыз бір рет пайдалануға арналған, ойықтары бар (скеллоптармен) болат корпустан, оған орнатылған болат каркастан, жоғарығы және төменгі центраторлардан, тоқтатқыш сақинадан тұратын құрылғыны ұсынатын, мұнай, газ және басқа ұңғымаларда кумулятивтік заряд энергиясының көмегімен өнімді пласттарды қайта ашуға арналған ұңғымалық корпустық кумулятивтік перфоратор 1 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 тауар позициясына сыныпталады.

      2. Кумулятивтік зарядтарсыз көп рет пайдалануға арналған, бұрандалы бітеуіштері немесе бұзу дискілері бар болат корпустан, оған орнатылған болат каркастан тұратын құрылғыны ұсынатын, мұнай, газ және басқа ұңғымаларда кумулятивтік заряд энергиясының көмегімен өнімді пласттарды қайта ашуға арналған ұңғымалық корпустық кумулятивтік перфоратор 1 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 тауар позициясына сыныпталады.

      3. Шыныдан, ситалдан, керамикадан, пластмассадан, алюминий қорытпаларынан жасалған жеке қабықшаға салынған жарылғыш заттардан (оқ-дәріден басқа) тұратын бұйымды ұсынатын, мұнай, газ және басқа ұңғымаларда кумулятивтік заряд энергиясының көмегімен өнімді пласттарды қайта ашуға арналған герметикалық кумулятивтік заряд сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3602 00 000 0 тауар позициясына сыныпталады.

      4. Ұңғымалық корпустық кумулятивтік перфораторда қолдануға арналған жарылғыш заттардан (оқ-дәріден басқа) тұратын бұйымды ұсынатын, мұнай, газ және басқа ұңғымаларда кумулятивтік заряд энергиясының көмегімен өнімді пласттарды бір рет және көп рет қайта ашу үшін пайдаланылатын герметикалық емес кумулятивтік заряд 1 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3602 00 000 0 тауар позициясына сыныпталады.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады