Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 895 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Төменвольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін (КО ТР 004/2011) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарының "Кеден одағының "Төменвольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін (КО ТР 004/2011) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" бөлімінің 10, 11, 14 және 15-позиициялары алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |