Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 116 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертулер мынадай мазмұндағы 39С ескертумен толықтырылсын:

      "39С) Кедендік құнның 0 (нөл) % көлеміндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 02.01.2017 бастап қоса алғанда 31.12.2017 дейін қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 0805 10 200 0 кодты позицияның үшінші графасы "4" сілтеме белгісімен толықтырылсын.

      4. Осы Шешім 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 116 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнының пайызымен, не евромен, не АҚШ долларымен)

0805 10 200 0

-- тәтті апелсиндер, балғын

5, бірақ 1 кг39С) 0,017 евродан кем емес

0909 31 000 0

--ұсақталмаған және ұнтақталмаған

539С)

0909 32 000 0

--ұсақталған немесе ұнтақталған

539С)

0909 61 000 1

---анис немесе даршын тұқымы

339С)

0909 61 000 2

---зире немесе фенхель тұқымы;
арша жидегі

539С)

0909 62 000 1

---анис немесе даршын тұқымы

339С)

0909 62 000 2

---зире немесе фенхель тұқымы;
арша жидегі

539С)

4105 10 000 0

-ылғал күйде (хромдалған жартылай фабрикатты қоса алғанда)

539С)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады