Құрамында қымбат металдар бар немесе қымбат металдардың қоспасы бар минералдық шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 117 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 10 000 0, 2616 90 000 0, 7106 10 000 0, 7106 91 000 9, 7108 11 000 0, 7108 12 000 9, 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0 және 7110 41 000 0 кодтарымен сыныпталатын құрамында қымбат металдар бар немесе қымбат металдардың қоспасы бар минералдық шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімінің қосымшасы) кедендік әкелу баждарының ставкалары 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құнның 0 пайызы көлемінде бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімінің қосымшасы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 10 000 0, 2616 90 000 0, 7106 10 000 0, 7106 91 000 9, 7108 11 000 0, 7108 12 000 9, 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0 және 7110 41 000 0 кодтары бар позициялар ескертуге "40С)" сілтемесімен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 40С ескертумен толықтырылсын:

      "40С) Кедендік құнның 0 (нөл) % көлеміндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 02.01.2017 бастап қоса алғанда 31.12.2017 дейін қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0 және 7110 41 000 0 кодтары бар позициялардың үшінші графасы "4" сілтеме белгісімен толықтырылсын.

      4. Осы Шешім 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады