Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 121 шешімі

      2016 жылғы 24 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі арасындағы іс-қимыл туралы меморандумды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Мына құжаттардың күші жойылды деп танылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия мен беларустық-қазақстандық-ресейлік бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес туралы" 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 241 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия мен беларустық-қазақстандық-ресейлік бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес туралы ережені бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 78 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия мен беларустық-қазақстандық-ресейлік бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 18 шілдедегі № 125 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия мен беларустық-қазақстандық-ресейлік бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 20 өкімі.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 121 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес туралы ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже 2016 жылғы 24 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі арасындағы іс-қимыл туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңесті (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) қалыптастыру және жұмыс тәртібін белгілейді.

      2. Консультативтік кеңес осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген салаларда кәсіпкерлік қызметті дамыту бағыттары мен перспективаларын белгілеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары (бұдан әрі – бизнес-қоғамдастықтар) өкілдерінің форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің (бұдан әрі сәйкесінше – Комиссия, Іскерлік кеңес) өзара іс-қимылы мен диалогын қамтамасыз ететін консультативтік орган болып табылады.

      3. Консультативтік кеңес мынадай салаларда өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді:

      а) интеграцияны дамыту және макроэкономика;

      б) кәсіпкерлік қызметті дамыту;

      в) қаржылық нарықтар (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);

      г) өнеркәсіп;

      д) агроөнеркәсіптік кешен;

      е) өзара және сыртқы сауда;

      ж) техникалық реттеу;

      з) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантидік фитосанитариялық шаралар;

      и) кедендік реттеу;

      к) энергетика;

      л) табиғи монополиялар;

      м) көлік және тасымалдау;

      н) еңбек көші-қоны және көші-қон саясаты, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің еңбеккерлерінің білім алу және кәсіби қызметі;

      о) бәсекелестікті дамыту;

      п) зияткерлік меншік;

      р) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл;

      с) цифрлық кеңістікті дамыту және цифрлық экономика трансформациясы;

      т) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі шеңберінде тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою;

      у) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы;

      ф) Меморандум тараптарының құзыреті шеңберіндегі өзге де салалар.

      4. Консультативтік кеңестің құрамын қалыптастыруды және бекітуді Комиссия Алқасы жүзеге асырады.

      5. Консультативтік кеңестің құрамына Комиссия Алқасының Төрағасы, Комиссия Алқасының мүшелері және Комиссияның олар белгілеген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, Іскерлік кеңес президиумының мүшелері және олардың уәкілетті өкілдері, сондай-ақ әрбір бизнес-қоғамдастықтың осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген өзара іс-қимыл салалары бойынша 14 өкілі (Іскерлік кеңес президиуымының сәйкес мүшесінің ұсынымы бойынша) кіреді.

      6. Консультативтік кеңестің отырыстарына Консультативтік кеңестің мүшелері қатысады. Бұл ретте бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері олардың қызмет салаларына жатқызылған мәселелер бойынша отырыстарға қатыса алады. Меморандум тараптарының бастамасы бойынша Консультативтік кеңестің отырысына өзге де тұлғалар қатысуы мүмкін.

      7. Консультативтік кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде 2 рет өткізіледі.

      Консультативтік кеңестің кезектен тыс отырысы Іскерлік кеңес президиумының кемінде 3 мүшесінің Консультативтік кеңес төрағасына тиісті ұсыныстар жолдаған жағдайда немесе Консультативтік кеңес төрағасының бастамасымен өткізіледі.

      Консультативтік кеңес отырыстарының нәтижелері Консультативтік кеңес отырысының хаттамасында тіркеледі.

      Консультативтік кеңес қабылдаған хаттамалық щещімдер ұсынымдық сипатқа ие.

      8. Консультативтік кеңестің төрағасы Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.

      9. Консультативтік кеңестің төрағасы:

      а) Консультативтік кеңестің отырысын жүргізеді;

      б) Консультативтік кеңестің жұмыс регламентін бекітеді;

      в) Консультативтік кеңес отырысының өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді;

      г) Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібін бекітеді;

      д) Консультативтік кеңес отырысының хаттамасына қол қояды.

      10. Консультативтік кеңес төрағасының орынбасарлары Комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) және Іскерлік кеңес президиумының төрағасы болып табылады.

      Консультативтік кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Консультативтік кеңес төрағасының осы Ереженің 9-тармағында көзделген функцияларын оның орынбасарларының бірі атқарады.

      11. Консультативтік кеңестің жауапты хатшысы Комиссия Алқасының Төрағасы Хатшылығының басшысы болып табылады. Консультативтік кеңестің жауапты хатшысы мыналарды қамтамасыз етеді:

      а) Консультативтік кеңестің отырысқа қатысатын мүшелерін Консультативтік кеңестің кезеңті отырысын өткізу күні, уақыты және орны туралы хабардар ету және оларға Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібі мен тиісті материалдарды жолдау;

      б) Консультативтік кеңес отырысының хаттамасын жүргізу;

      в) Консультативтік кеңестің хаттамалық шешімддерінің орындалуы мониторингін жүзеге асыру.

      12. Консультативтік кеңестің отырыстарын өткізуді ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында "Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес" бөлімінде Консультативтік кеңес мүшелерінің жұмыс кабинеттері құрылады.

      13. Іскерлік кеңестің Комиссиямен өзара іс-қимылын Іскерлік кеңес президиумының мүшелері жүзеге асырады.

      Іскерлік кеңестің бизнес-қоғамдастықтардың шоғырландырылған позициясы негізінде дайындаған ұсыныстарын Консультативтік кеңестің қарауы үшін Іскерлік кеңестің президиумы Комиссияға енгізеді.

      Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл үшін Консультативтік кеңес мүшелерінің қатарынан әрбір Іскерлік кеңеске қатысушыдан осындай өзара іс-қимылға жауапты өкілдері белгіленеді.

      14. Консультативтік кеңес Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының, ғылыми және сарапшылар тобының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатарынан сараптамалық және жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      15. Консультативтік кеңестің қызметін ақпараттық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті жүзеге асырады.

      16. Консультативтік кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша жиынтық-талдау функцияларын, Комиссияның бейінді департаменттері дайындаған Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар жиынын қоса алғанда, Комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті жүзеге асырады.

      17. Мемлекеттік билік органдары, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және өзге де тұлғалардың Консультативтік кеңестің отырыстарына қатысуымен байланысты шығыстарды оларды жіберген тараптар көтереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады