Еуразиялық экономикалық комиссия Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С.Сидорскийдің Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өзара ақпарат беру тәртібін мүше мемлекеттердің орындамауын атап өте келіп, өнеркәсіптік саясат шараларын жүзеге асыру кезінде сезімтал тауарларға қатысты міндеттемелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланып отырған бағыттары туралы алдын ала өзара ақпараттандыруды қамтамасыз ету бөлігінде орындауы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың бағыттарын жоспарлау кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 8-тармағын орындау қажеттігі туралы мүше мемлекеттер хабардар етілсін.
2. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Шешім күшіне енгізілген күнінен бастап 10 күн ішінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 8-тармағын және Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ақпарат беру тәртібін орындауға бағытталып қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |