Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Естелік жазбаларды жазуға арналған, бір жақ жиегінен желіммен өзара бекітілген желімді жабындысы бар қағаз парақтарынан тұратын, әртүрлі мөлшердегі және әртүрлі түстегі тік бұрышты (шаршы) нысандағы әртүрлі беттерге жабысуға (қайта жабысуға) қабілетті жазбаларға арналған қағаз блоктары Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 4820 10 300 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |