Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 3-тармағының "а" және "б" тармақшаларын, 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Көрсетілген өзгерістердің 3-тармағының "а" және "б" тармақшалары, 4 және 5-тармақтары 2017 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 146 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 6-тармақтың бесінші – он бесінші абзацтары алып тасталсын.
2. 14-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.
3. 15-тармақта:
а) 8-тармақша отыз бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер КД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, мұндай мәліметтер осы бағанға енгізілмейді, бұл ретте: "КД 14-бағанын қар." деген жазба жазылады.";
б) 9-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер КД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, мұндай мәліметтер осы бағанға енгізілмейді, бұл ретте: "КД 14-бағанын қар." деген жазба жазылады.";
в) 11-тармақшаның төртінші абзацы (кестеден кейін) алып тасталсын;
г) 31-тармақшаның сегізінші – оныншы абзацтары (кестеден кейін) алып тасталсын;
д) 41-тармақшаның екінші абзацы (кестеден кейін) алып тасталсын;
е) 43-тармақшаның төртінші абзацы (кестеден кейін) алып тасталсын;
ж) 45-тармақшаның жиырма бірінші абзацы (кестеден кейін) "Беларусь Республикасында" деген сөздердің алдынан "Армения Республикасында және" деген сөздермен толықтырылсын;
з) 49-тармақша он бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясында кеден өкілінің декларантпен жасаған шартының, сондай-ақ мәліметтері "/" бөлу белгісі арқылы 1 – 3 нөмірлерімен көрсетілетін КД жасаған адамның жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарының деректемелерінің алдында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптамасына сәйкес ұсынылатын құжаттың коды;
КД беру кезінде құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі:
"1" – КД беру кезінде құжат ұсынылды;
"2" – құжат Кодекстің 183-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылмады. Бұл жағдайда құжаттың деректемелерінен кейін ашық жер арқылы КД-ның немесе осы құжат қоса берілетін өзге де кедендік құжаттың (КД-ны жазбаша нысанда беру кезінде) тіркеу нөмірі, не кеден органдарының ақпараттық жүйесі берген құжаттың сәйкестендіргіші және "/" бөлу белгісі арқылы электрондық құжаттар қоймасының сәйкестендіргіші (КД-ны электрондық құжат түрінде беру кезінде) көрсетіледі.".
4. 16-тармақта:
а) бесінші абзацта "Беларусь Республикасында" деген сөздер "Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Беларусь Республикасында 43-баған толтырылмайды.
Беларусь Республикасында тауарларды экспорт және уақытша әкету кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде, егер осындай тауарларға қатысты олардың кедендік құны негізге алына отырып есептелетін кедендік баждар мен салықтар белгіленбесе, КД-ның 12 және 45-бағандары толтырылмайды.".
5. 18-тармақта:
а) 2-тармақша отыз бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер КД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, мұндай мәліметтер осы бағанға енгізілмейді, бұл ретте: "КД 14-бағанын қар." деген жазба жазылады.";
б) 4-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер осы бағанда мәлімдеуге жататын мәліметтер КД 14-бағанында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталаса, мұндай мәліметтер осы бағанға енгізілмейді, бұл ретте: "КД 14-бағанын қар." деген жазба жазылады.";
в) 9-тармақшада;
жиырма төртінші абзацтағы (кестеден кейін) "өткізу кезінде." деген сөздер "өткізу кезінде;" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Беларусь Республикасында экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды декларациялау кезінде, егер КД беру сәтінде декларантта көлік құралдары туралы дәл мәліметтер болмаса, тауарлардың кетуі Беларусь Республикасының аумағынан жүзеге асырылатын болады;";
г) 12-тармақша алтыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын және кедендік әкету баждары салынбайтын кетуі Одақтың осы мүше мемлекеттерінің аумақтарынан жүзеге асырылатын тауарларды декларациялау кезінде (осындай тауарларды кедендік аумақтан кететін орнына дейін тасу (тасымалдау) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда);
Беларусь Республикасында экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын, кетуі Беларусь Республикасының аумағынан жүзеге асырылатын тауарларды декларациялау кезінде;";
д) 14-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) 31-баған. "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы"
31 Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы | Таңбалануы және саны – Контейнерлердің нөмірлері – Саны және айыру ерекшеліктері |
Мәліметтер бағанға Нұсқаулықтың ІІ бөлімінің КД 31-бағанын толтыру үшін белгіленген тәртіппен мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып енгізіледі.
Экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын және кедендік әкету баждары салынбайтын тауарларды декларациялау кезінде:
2.1 нөмірімен жүк, орам және орам материалдары түрлерінің сыныптамасына сәйкес тұтынушылық және (немесе) жеке ыдыс түрлерінің кодтары көрсетілмейді;
3 нөмірімен тауарлар тасымалданатын (тасымалдануы болатын) контейнерлер туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, егер КД кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланылса, 6 нөмірімен:
қайта өңдеу өнімдері шығуының мәлімделетін нормасы;
қайта өңдеу өнімдерінің атауы және мөлшері;
қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру туралы мәліметтер көрсетіледі;".
6. Көрсетілген Нұсқаулыққа № 4 қосымшаның І бөлімінде 3-бағандағы ЕАЭО-ның коды 2710 позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"пентан (С5) және гексан (С6) мас. % құрамы".